2024 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің
ХАБАРЛАМАСЫ
Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне2024 жылдың 5 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 352 өтініш тіркелген.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 73 өтінішкеазайып отыр. (2023 жылдың 5 айында -425 өтініш).
Оның ішінде, арыздар-183, шағымдар-4, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -165.
Жеке тұлғалар-288, заңды тұлғалар- 64.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені– 198.
2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-8, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, аудандық прокуратурадан-4, «Аmanat» партиясынан-1 өтініш түсіп тіркелді. 17 өтініш қаралуда.
Ағымдағы жылдың 5 айында қаралған өтініштердің барлығы - 330.
Оң шешілгені -110. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-51, әлеуметтік мәселе-1, құрылыс мәселесі-6, коммуналдық шаруашылық мәселесі-2, жұмыспен камту-5, мәдениет-4, тағы басқа мәселелер-41.
Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 5 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 58, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 8, жер және жерді пайдалану – 106, коммуналдық шаруашылық-36, құрылыс-11, жұмыспен камту -27, ауыл шаруашылығы -1, кәсіпкерлік- 2, мәдениет және ономастика-10, басқа да мәселелер- 93.
Есептік кезеңде барлығы 15 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен 62 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Қабылдау кезінде 58 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану, жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. 4 өтініш қанағаттандырылды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.