Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдықокругтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
2024 жылғы 16 маусымда Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9) тармақшасы, 44 бабы, 113 – 10 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтежелерін белгіледі:
Кудряшов ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1415 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 752. Жарамсыз бюллетеньдер саны 11, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 20.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Б.Т.Вахитовке – 530
Ш.Қ.Сахановқа – 191
Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Вахитов Бактияр Тлеккабылович, 1990 жылы туған, «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бас инспектор, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған кандидат сайланды.
Шортанбай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 909 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 525. Жарамсыз бюллетеньдер саны 10, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны 14.
Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
М.Ж.Гумаровқа – 357
А.А.Нажетовке – 83
Р.Е.Нұғымановке – 61
Шортанбай ауылдық округінің әкімі болып Гумаров Мейржан Жумахаевич, 1981 жылы туған, Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округінің әкімі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған кандидат сайланды.