«Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылауды бастау туралы

Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөліміндегі                             сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Құрманғазы ауылы                                                                              «13 » маусым 2024 жыл

 

І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

         Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.

         Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №217 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызметін жүзеге асырады.

Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының               2024 жылғы 21 мамырдағы №51 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

Н.Баймуханова - жұмыс тобының басшысы, бөлім басшысы;

А.Рахимов - жұмыс тобының мүшесі, бөлім басшысының орынбасары;

А.Утегенов - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

С.Гумарова  - тобының мүшесі, бас маман.

4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:2024 жыл І жартыжылдық.

5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,     нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығында әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміндегі лауазымдар атауының А блогы – басқарушы персоналда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы басшысы лауазымы көрсетілмеген. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау кезінде нақты көрсету үшін, жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер енгізуге ұсыныс етеді.

         2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

1) Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 8 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және бөлім басшысының орынбасары, 6 бас маман) мен 3 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу, хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы   11 қызметкер жұмыс істейді.

2024 жылдың есепті мерзімінде қорытындысы бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:   барлығы   – 57 бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123320313) жұмыс жасайды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде                           22 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді, оның ішінде 5 келісім шарт тікелей отырылды.

Коммуналдық меншікті басқару:

 Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру,  тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz  сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz  сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

2024 жылдың 1 маусым жағдайына 36 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, аулдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметік қолдау  шараларын көрсету" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тағайындалды.

 

№

р/с

ТӘУЕКЕЛ

ҰСЫНЫМДАР

1

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1042 «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығында әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміндегі лауазымдар атауының А блогы – басқарушы персоналда зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы басшысы лауазымы көрсетілмеген.

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау кезінде нақты көрсету үшін, жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды.

2

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрықтың 4 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген.

Сұранысқа ие мамандардың тізбесін тиісті әкім аппараты, мекемелер уәкілетті органға ұсынады. Мысалы: бір орта мектептен  1 қазақ тілі пәнінің мұғалімі қажет деп сұраныс беріледі. Осы мектепте бұрыннан жасайтын математика пәнінің мұғалімі өтініш береді. Бұл жағдайда қандай шешім қабылдаймыз?Заңдылыққа нақты тізбенің жолын көрсету; Сондай-ақ, тізбе қалыптастырылған кезде сұранысқа ие бос орындарынан (вакансия) қалыптастырыла ма? Алде 2010 - 2023 жылдары жұмысқа орналасқан мамандарды тізбеге қосыла алама? Қағидада нақты көрсетілсе?

3

Қағиданың 6 тармақ 1 тармақшасында көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт,агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады делінген. Ал 6 тармақта  сұранысқа ие мамандардың тізбесінде қызмет алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі делінген. 

Егер қызмет алушының мамандығы бекітілген тізбеде болмаса, онда бас тарту негіз көрсетілмеген.

Қағиданың 1 қосымшасының 9 тармағында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеріне толықтырулар енгізу;

 

 

 

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

 

 

Н.Баймуханова - жұмыс тобының басшысы, бөлім басшысы;

А.Рахимов - жұмыс тобының мүшесі, бөлім басшысының орынбасары;

А.Утегенов - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

С.Гумарова  - тобының мүшесі, бас маман.

 

 

 

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылауды бастау туралы
Дата публикации
14 июня 2024