«Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

«Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

Құрманғазы ауданы                                                                      2024 жыл  мамыр

 

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Мукашев  Алмас – аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысың орынбасары, топ жетекшісі;

Шамбузов Жалғаспай - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қоғамдық сектор меңгерушісі;

Асқар Елшат - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы;

Шарипова Асия - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы;

Қайсаев Мұрадым - аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маман.

«Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

         «Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

2024 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр айы аралығы.

         Ақпараттық талдамалық бөлім.

«Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет,  тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет, тілдерді дамыту және салауатты өмірді насихаттап, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімнің қарамағында 49 мәдени мекеме және Құрманғазы  аудандық жастар ресурстық орталығы бар.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, өз қызметін 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы сәйкес атқарады.

         1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамтыу және спорт бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V  "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы;

2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы;

3) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы;

4) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 "Жарнама туралы" Заңы;

5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410- V "Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы" Заңы;

6) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңы;

7) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңы;

8) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңы;

9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы;

10) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы №333- VІ "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы;

11) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері турлы" Заңы;

12) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414- V "Еңбек Кодексі".

13) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы;

14)  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

15) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққы бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы №40  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 7 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары, қоғамдық сектер меңгерушісі және бас мамандар.

  1. Мүдделер қақтығысына байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
  2. Мемлкеттік ықзмет көрсетуге байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде мемлекеттік  қызметтер көрсетіледі:

         2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік разрядты спортшы, 2- жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар, «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», спорт төрешісі біліктілік санаттар;

             Бөлімге 2024 жылдың 5 айында мемлекеттік қызмет көрсету туралы 30 өтініш түсіп, барлығы қанағаттандырылды.

4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функциясын іске асырмайды.
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байласыты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анқтау.

Бөлім басшысының атына 2024 жылдың 5 айында  жеке тұлғадан 1 арыз түсті. Ол зерделеніп,  уақытылы жауап берілді.

Бөлімде 2024 жылдың 5 айы бойынша 118  бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

             Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

          Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.

Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

  1. Қаржы–шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 57102, 00 теңге қарастырылды, игерілгені  48%.

Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

  1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2024 жылдың 5 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
  3. Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

         Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-16-13 сенім телефоны орнатылған. 

       Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

          Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.   

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

         Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін  материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды  ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Ұсыныс:

«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 34-бабы негізінде Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты  аудандық және ауылдық мәдениет үлері мен клуб қызметкерлері қызметке мекеме басшысының бұйрығымен тікелей қабылданып келеді, бұл сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелді туындатуы мүмкін. Осыған байланысты, Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты   аудандық және ауылдық мәдениет үлері мен клуб қызметкерлерін қызметке конкурстық негізде қабылдауды жүзеге асыру туралы ұсыныс жасалады.

 

 

 Сыбайлас жемқорлық

 тәуекелдеріне ішкі талдауды

 анықтауға құрылған топ жетекшісі                                   А.Мукашев

 

Аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт

бөлімінің қоғамдық сектор меңгерушісі                           Ж.Шамбузов                                                          

 

Аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт

бөлімінің бас маманы                                                             Е.Асқар

 

Аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт

бөлімінің бас маманы                                                              А.Шарипова

 

Аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт бөлімінің

бас маманы                                                                               М.Қайсаев

 

Аудандық ішкі саясат, мәдениет,

тілдерді дамыту және спорт

бөлімінің басшысы                                                                  З.Жоламанова                                                                

 

 

 

 

 

 

«Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
03 июня 2024