«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

Құрманғазы ауданы                                                                   2024 жыл  сәуір

 

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысы міндетін  атқарушысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Имашев Куаныш Мусаевич – бөлім басшысы, топ жетекшісі;

Имангалиев Балагазы- Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Сахтаганов Сатжан – Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Махмутов Ерсин  - Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Муратов Нурлан - Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман есепші, топ мүшесі.

 «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

         «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

2023 жылдың  1 қантарынан  бастап 2024 жылдың  29 наурыз  аралығы.

         Ақпараттық талдамалық бөлім.

«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметін және Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі  нормативтік актілерді және облыс, аудан әкімінің  қаулыларын басшылыққа алып  жұмыс жасайды.

         1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;  

- «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                                        23 қарашадағы № 414-V;

- «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңы;

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы           6 сәуірдегі  Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы  Заңы;

-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;

-«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;

-  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығы.              

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын төмендегідей сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталды:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңында:

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңында, аудан әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi көрсетілген.

  1. Аталған заңның 26 бабының 7) тармақшасында,«аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;» деген құзыретiлік көрсетілген.

Алайда, бұл қызмет түрі, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығына сәйкес тапсырыс берушінің өтініші аудан әкімінің атына,www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тікелей түсуде. Яғни, өтініш бөлімге тікелей түспейді. Сондықтан осы қызмет түрін бөлімге тікелей түсіру қажет.

  1. Аталған заңның 26 бабының 9) тармақшасында,«объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;» деген құзыретiлік көрсетілген.

Алайда, бұл қызмет түрі мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізілмеген. Бөлімге ХҚКО арқылы ИИС ЦОН ГО-мен өтініш түсуде. Қызмет көрсету мерзіміне 1 (бір) жұмыс күні берілген. Сондықтан, осы қызмет түрін мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізіп, қызмет көрсету мерзімін 3 (үш) жұмыс күніне ұзарту қажет.

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2023 жылғы 31 мамырдағы №140 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 5 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы және бас мамандар.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
  2. Мемлекеттік ықзмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №168 бұйрығына, «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығы, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына сәйкес  бөлімде мемлекеттік  қызметтер көрсетіледі:

             1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын  бекiту- 194;

          2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 32;

3) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау- 24;

4) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру -7;

5) Бүлінген желерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру-1

          6) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 371;

7) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру -675;

8) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -317;

9) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 284;

10) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 64.

            2023 жылдың  1 қантарынан  бастап 2024 жылдың  29 наурыз  бойынша бөлімде жалпы саны – 1838 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

             4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функциясын іске асырмайды.
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байласыты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге 2023 жылдың  1 қантарынан  бастап 2024 жылдың  29 наурыз  аралығында жеке және заңды тұлғалардан 726 арыз түсті. Ол зерделеніп,  уақытылы жауап берілді.

Бөлімде 2023 жылдың  1 қантарынан  бастап 2024 жылдың  29 наурыз  бойынша 93  бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

          Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

          Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.

 Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

  1. Қаржы –шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорплық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 17 286, 00 мың. теңге қарастырылды, игерілгені  99,97 %,2024 жылға бекітілген жоспар 33 833,0 мың.теңге, оның үш айда игерілгені 32,59 %,.

Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

  1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2023 жылдың 1 қантарынан  бастап 2024 жылдың  29 наурыз  аралығы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
  3. Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

         Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-12-89 сенім телефоны орнатылған. 

       Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

          Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.  

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

         Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін  материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды  ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Ұсыныс: Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде көрсетілген  сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қатынастарын реттейтін  құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар,  сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім  объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру, сонымен бірге объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу тәртібіне байланысты нормаларды реттеу бағытында  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті өзгерістер енгізуге ұсыныс хат жолдау.

Бөлім басшысы                                                                           К.Имашев

 

Бас маман                                                                                   Б.Имангалиев

 

Бас маман                                                                                   С.Сахтаганов

 

Бас маман                                                                                   Е.Махмутов

 

Бас маман- есепші                                                                     Н.Муратов

 

«Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
24 мая 2024