Құрманғазы ауданы Кудряшов және
Шортанбай ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау
округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құрманғазы ауданы ауылдық округ әкімдері сайлауы бойынша:
- Кудряшов ауылдық округі шекарасында Кудряшов ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Кудряшов сайлау округі;
- Шортанбай ауылдық округі шекарасында Шортанбай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Шортанбай сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округтерінің тізіміолардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б.Бралиев
Хатшы Ж. Орынбасаров
Құрманғазы ауылы
8 мамыр 2024 жыл
№8