Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы Кудряшов

және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1), 2) тармақшалары және 2,3-тармақтарына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 16 маусымға Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 16 маусымға тағайындалған Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                      Б.Бралиев

 

Хатшы                                                                                             Ж. Орынбасаров

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауылы

8 мамыр 2024 жыл

№9

 

Құрманғазы ауданы Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
08 мая 2024