Ақпараттық хабарлама

Сайлау -2024

            Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 мамырдағы №9 қаулысымен Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылдың 16 маусымына тағайындалды.

            Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 9 мамырда басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 21 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

            Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды  алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге  жиырма күн қалғанда 26 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

            Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 26 мамыр күні  сағат 18.00-де басталады және сайлау болатын күннің алдындағы  күнгі 15 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

            Кудряшов және Шортанбай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы хабар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/  орналастырылады.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан орны: Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Ш.Сатеков көшесі 15 үй, каб.1 телефон: 8/71233/20942; e-mail: tic_atr_kur@saylau.kz. kurmangazy.tik@mail.kz

 Комиссия төрағасы                        – Бралиев Болат Муханбетжанович

 Төраға орынбасары             – Рахметуллина Гульмира Сайфуллаевна

 Комиссия хатшысы            – Орынбасаров Жалғас Мұхтарұлы

 Комиссия мүшелері            – Анесова Армангуль Шынтаевна

               Утеугалиев Мейрамбек Салимгалиевич

               Мусина Анар Нуриевна

               Шахшаев Дауренбек Кабдрахимулы

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
08 мая 2024