Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы №67-VІІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        Құрманғазы ауылы                                                                                                         село Құрманғазы                                                                                                               

 

 

 

Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы

№67-VІІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы №67-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5095-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

         2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;

         9 тармақтағы «уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.        

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы №67-VІІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
23 апреля 2024