БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС

 

 

БОС  ЖҰМЫС  ОРНЫНА  КОНКУРС

Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің Шабыт ауылдық мәдениет үйі бос лауазымға тағайындау үшін конкурс жариялайды.

Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1017 бұйрығының 3 тарауын негізге алып төмендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі:

 

- Әнші - 1штат  бірлік, тұрақты.

 

Мемлекеттік  орган :     Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкісаясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің  Шабыт ауылдық мәдениет үйі

Аймақ:     Атырау облысы Құрманғазы ауданы Алға селосы, Әбу Сәрсенбаев көшесі, 45

Санат : B3-4 санаты 

Орташа  лауазымдық  айлықақы:   126  000

Жалпы  біліктілік  талаптары:

Білуі  тиіс: Конституцияны;  Еңбек  кодексін;  Қазақстан  Республикасының  «Мәдениет  туралы», «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  туралы»  заңдарын  музыкалық  сауаттылықты,  негізгі   музыкалық  -  теориялық  пәндерді, вокалдық  музыкадағы  негізгі  бағыттар  мен  стильдерді,  әлемдік  және   отандық  вокалдық  музыка  мәдениетінің  даму  тарихын:

Біліктілігі  жоғары  деңгейлі   маман: 1)  жоғары  санаттағы: «өнер»  мамандықтар  тобы  бойынша  жоғары  немесе  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі)  білім  және  мамандығы  бойынша   біліктілігі  жоғары  деңгейлі  I  санатты  маман  лауазымында  3  жылдан  кем емес  жұмыс  өтілі;          

2) I  санаттағы:  «өнер»  мамандықтар  тобы  бойынша  жоғары  (немесе  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі)  білім  және  мамандығы  бойынша  біліктілігі  жоғары  деңгейлі  I I  санатты  маман  лауазымында  2  жылдан  кем  емес  жұмыс  өтілі; 

3) I I  санаттағы:  «өнер»  мамандықтар  тобы  бойынша  жоғары  немесе  (жоғары  оқу  орнынан  кейінгі)  білім  және  мамандығы  бойынша  біліктілігі  біліктілігі  жоғары  деңгейлі  санаты  жоқ  маман  лауазымында  2  жылдан  кем  емес  жұмыс  өтілі;

4) санаты  жоқ:  жұмыс  өтіліне  талаптар  қойылмай  ,  «өнер» мамандықтар  тобы  бойынша  жоғары  (немесе   жоғары  оқу  орнынан  кейінгі)  білім;  біліктілігі  орта  деңгейлі  маман: 1) жоғары  санаттағы: «өнер  және  мәдениет»  мамандықтар  тобы  бойынша  техникалық  және  кәсіби, орта  білімнен  кейінгі  (орта  арнаулы, орта  кәсіби)  білім  және  мамандығы  бойынша  біліктілігі   орта   деңгейлі  I  санатты  маман  лауазымында  3  жылдан  кем  емес  жұмыс  өтілі;  2) I  санаттағы:  «өнер  және  мәдениет»  мамандықтар  тобы  бойынша  техникалық  және  кәсіби, орта  білімнен  кейінгі (орта  арнаулы, орта  кәсіби)  білім  және  мамандығы  бойынша  біліктілігі  орта  деңгейлі  I I  санатты  маман  лауазымында  2  жылдан  кем  емес  жұмыс  өтілі; 3) I I  санаттағы:   «өнер  және  мәдениет»  мамандықтар  тобы  бойынша техникалық  және  кәсіби, орта білімнен   кейінгі  (орта  арнаулы, орта  кәсіби)  білім  және  мамандығы  бойынша  біліктілігі  орта  деңгейлі  санаты  жоқ  маман  лауазымында  2  жылдан  кем  емес  жұмыс  өтілі, 4) санаты жоқ:  жұмыс  өтіліне  талаптар  қойылмай,  «өнер   және  мәдениет»  мамандықтар  тобы  бойынша  техникалық  және  кәсіби,  орта  білімнен  кейінгі (орта  арнаулы, орта  кәсіби)  білім  .

Білімге  қойылатын  талаптар: Жоғары   немесе  арнаулы  орта .

Мамандығы :    Музыкалық  білім,  музыка  пәнінің  мұғалімі, музыкалық  педогогикалық  білім.

Функционалды  міндеттер:   Лауазымдық   міндеттер: Классикалық,   халық  музыкаларынан,  шетелдік  және   отандық  композиторлардың  шығармаларынан  бағдарламалар  дайындайды; тұрақты  орындарда,  гострольдерде  және сапарлардағы концерттерде  музыкалық  шығармаларды  орындайды; вокалдық  және  орындау  шеберлігін  жетілдіре  отырып,  өз  бетінше  және  (немесе) концертмейстермен  бірге  жаттығады; репертуарға  ұсынылатын  жаңа  шығармаларды  және  шығармашылық  қызметтің  мәселелерін  талқылауға  қатысады.

Құжаттарды  қабылдау мерзімі

21.03.2024ж- 04.04.2024ж

Қажетті  құжаттар:

  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

Осы қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,

конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайымен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

6) Білімі  туралы  диплом

Конкурсқа қатысушы болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдарды) ұсынады.

  • Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
  • Конкурсқа құжаттар қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 15 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
  • Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды Атырау облысы Құрманғазы ауданы Алға селосы Әбу Сарсенбаев көшесі 45 мекен жайы бойынша қолма-қол немесе morskoy_dk@mail.ru поштасы арқылы тапсыруға болады.

Сұхбаттасу  күні: 09.04..2024ж.

Сұхбаттасу  орны:  Атырау облысы Құрманғазы ауданы Алға селосы Әбу Сарсенбаев көшесі 45 мекен жайы

Шабыт  ауылдық  мәдениет  үйі.

Анықтама  алу  үшін  байланыс:    8 (71233) 3-31-21

 

 

БОС ЖҰМЫС ОРНЫНА КОНКУРС
Дата публикации
20 марта 2024