Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Рспубликасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабы, 2 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Құрманғазы аудандық мәслихатының
2024 жылғы ___ ____________
№____ шешіміне 1 қосымша
Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1) Құрманғазы ауылы, Республика көшесі-10 мекен жайы бойынша орналасқан концерт алаңы.
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Құрманғазы ауылында орналасқан «Жастар» алаңынан бастап, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш-обелиск алаңына дейін.
1) Құрманғазы ауылы, Республика көшесі-10 мекен жайы бойынша орналасқан концерт алаңы, шекті толу нормасы 300 адам;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Құрманғазы ауылында орналасқан «Жастар» алаңынан бастап, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш-обелиск алаңына дейін, шекті толу нормасы 300 адам.
Құрманғазы аудандық мәслихатының
2024 жылғы ___ ____________
№____ шешіміне 2 қосымша
Құрманғазы ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
Құрманғазы ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден жақын жерде пикет өткізуге жол берілмейтін:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.
Құрманғазы аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне түсіндірме жазба
|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Жобаны әзірлеушінің мәліметтері |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
|
«Атырау облысы, Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Қазақстан Рспубликасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабы, 2 тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны іске асыруға қаржы шығындарын талап етпейді
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мақсаты: Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау, сонымен қатар, Құрманғазы ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекараларын айқындау. Мерзімі: алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
Жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Жоқ |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
|
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
|
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
Жоқ |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Жоқ |
Құрманғазы ауданы
әкімінің орынбасары А.Муратов
Орындаған: З.Жоламанова
тел. 871233 21135; 21613
Z.Zholamanova@atyrau.gov.kz