2024 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылдың қаңтар айында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 70 өтініш  түскен. Жеке тұлғалар-55, заңды тұлғалар- 15, шағым-0. (2023 жылғы қаңтар айында -56 өтініш). 2023 жылмен салыстырғанда 14 өтінішке артып отыр.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені–                                    44 (2023 жылы қаңтар айында –23). 2023 жылмен салыстырғанда 21 өтінішке артып отыр.

2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-2, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 1 өтініш түсіп тіркелді. 32 өтініш қаралуда.

Ағымдағы жылдың  қаңтар айында  қаралған өтініштердің барлығы - 41.

Оң шешілгені -13. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-9,                                        әлеуметтік мәселе-1,  құрылыс мәселесі-2, коммуналдық шаруашылық мәселесі-1 бойынша жазылған өтініштер.)

Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 1 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 1, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 1, жер және жерді пайдалану – 39, коммуналдық шаруашылық-7, құрылыс-2, басқа да мәселелер- 20.

Есептік кезеңде барлығы 2 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                            16 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 14 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану,  жұмыспен қамту т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді.                         2 өтініш қанағаттандырылды.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

 

 

2024 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
01 марта 2024