Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы «ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді» деген сөздер алынып тасталсын.
Аудан әкімі А.Жангалиев
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасына
салыстырмалы кесте
|
№ |
Өзгеріс енгізіліп жатқан шешімнің құрылым бөлігі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
1 |
Қаулы қосымшасындағы |
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы «ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді». |
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы «ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді» деген сөздер алынып тасталсын |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабын, 37 бабының 1 тармағы |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
қаулы жобасына түсіндірме жазба
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, ҮкіметжәнеҮкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
Жоқ |
|
3 |
Жобабойынша қаржышығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оныңі шінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажетболған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Жоба бойынша қаржы шығыны қажет етілмейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Ереженің 15 тармағы 33 абзацындағы «ауданның терроризмге қарсы комиссия қызметінің жұмысын үйлестіреді» деген сөздер алып тастау мақсатында дайындалды |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талапетілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
«Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына (ҚР нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі №184521 болып тіркелген) өзгерістер енгізу. |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
|
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
|
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Аталған қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
жоқ |