Құрманғазы ауданы әкімінің 2016 жылғы 01 қарашадағы №42 «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімі А.Жангалиев
«Аудан әкімінің 2016 жылғы 01 қарашадағы №42 «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Жобаны әзірлеушінің мәліметтері |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы. |
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзгеде тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабы |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
жоқ |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдай да болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округінінің «Күмісбек» кен орнында ұңғымалардан төгілген мұнай қалдықтары 2016 жылы жойылып, орны тазаланды. Сонымен бірге, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ұңғымалар «Big Steps» ЖШС-нің келісімшарттық аумағында (Қүмысбек кен орнында 23.08.2023ж. №5261 өндіруге арналған келісімшарт) орналасқандығы туралы ақпарат берді. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
Жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдай да заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
«Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 122-бабында 6-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағында орналасқан бұрын бұрғыланған ұңғымаларды теңгерімге қабылдауға және олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті. |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
жоқ |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
жоқ |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
жоқ |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
жоқ |
Ауданы әкімі аппаратының
құқық қорғау органдарымен
жұмыс және жұмылдыру
дайындығы бөлімінің басшысы А.Тухтаров
Орындаған: А.Тухтаров
телефон:8(71233)21048