Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Құрманғазы аудандық мәслихатының төрағасы Г.Калиева
«Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Құрманғазы аудандық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба
|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Жобаны әзірлеушінің мәліметтері |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
|
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі»мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)» Кодексінің 696-3-бабының 5) тармағынасәйкес
|
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны іске асыруға қаржы шығындарын талап етпейді
|
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы |
Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда коорпаративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендету; шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
- |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Басқа актілерге сәйкес келтіру талап етілмейді |
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 18 қаңтарда legalacts.egov.kz сайтында орналастырылды |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
2024 жылғы 18 қаңтарда бөлімнің фейсбук парақшасында орналастырылды |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
- |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
- |
Аудан әкімінің орынбасары Н.Калиев