Құрманғазы ауылы село Құрманғазы
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы
№67-VІІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
толықтыру енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты шешім қабылдады:
Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Мереке күніне әлеуметтік көмек бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
15 ақпан 2024 жылы – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толу мерекесіне:
1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
3) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |