Жоба
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы
№530-VI «Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағындағы «кемінде 150 метр» деген сөздер «кемінде 800 метр» деген сөздермен ауыстырылсын.
Мәслихат төрағасы Г.Калиева
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы ___ ____________
№____ шешіміне қосымша
Құрманғазы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы
№530-VI шешіміне қосымша
Құрманғазы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
|
№ |
Арнайы орындар |
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету |
Шекті толу нормасы |
|
1 |
Тәуелсіз жастар алаңы |
1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 40 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу); |
300 адамнан астам емес |
|
2 |
Жастар алаңы |
1) жасанды жарықтандыру; 2) электр энергиясын қосуға арналған нүкте; 3) 20 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу); |
500 адамнан астам емес |
1) бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
2) шеружәне демонстрация маршрутымен танысу үшін.