Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір

  қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

 

          «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                       27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №496 «Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота  белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3727 болып тіркелген), күші жойылды деп  танылсын.
  2. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы №250 «Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №496 «Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3913 болып тіркелген), күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды         деп тану туралы» қаулы  жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және-немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының негізінде

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландару көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссияының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды талап етпейді.

 

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

 

Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Жұмыс орындарына квота белгілеу.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша аудан әкімдігімен бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Аудан әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы  №496 «Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысы.

Аудан әкімінің 2017жылғы 19 маусымдағы  №250 «2016 жылғы 29 қарашадағы  №496 «Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы.

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қалданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

жоқ

8

Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

 

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

 

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Аталған жоба Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді.

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығынының азаюын немесе ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Жоқ.

 

   

  

 

 

 

Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
09 января 2024