2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы  қаңтар-қараша айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 1056 өтініш  түскен. Оның ішінде, арыздар-827, шағымдар-12, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -217. Жеке тұлғалар-960, заңды тұлғалар- 96. (2022 жылғы қараша айында -985 өтініш). Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 71 өтінішке артып отыр.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аудан әкімі аппаратына түскені–388.                                                               (2022 жылғы қараша айында -392 өтініш). 2022 жылмен салыстырғанда                         4 өтінішке кеміп отыр.

2023 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): Облыс әкімі аппаратынан-22, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасынан – 1, Облыстық Экология департаментінен-1, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінен-1, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -3 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ. 41 өтініш қаралуда.

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 751 әкімшілік акт қабылданды, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны (оң шешілгені) - 429, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданғаны (түсінік берілгені) - 322.

Жер және жерді пайдалану бойынша – 365, құрылыс мәселесі бойынша – 7, әлеуметтік мәселе бойынша – 4, жұмыспен қамту бойынша -4, мәдениет және өнер мәселесі бойынша – 8 өтініш, коммуналдық шаруашылық-4, тағы басқа да мәселелер бойынша -37 өтініш оң шешілді.

Есептік кезеңде барлығы 8 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                            68 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 66 азаматқа тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер және жерді пайдалану, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік беріліп, 2 азаматтың мәселесі оң шешілді.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы қаңтар-қараша айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
19 декабря 2023