Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
2023 жылғы 10 желтоқсанда Құрманғазы ауданының Азғыр, Бөкейхан, Кудряшов және Нұржау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына, 113 – 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданы Азғыр, Бөкейхан,Кудряшов және Нұржау ауылдық округтері әкімдерін сайлауының қорытындысы туралы 2023 жылғы 13 және 15 желтоқсандағы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімдерімен:
Азғыр ауылдық округінің әкімі болып Әнес Асылбек Сайфоллаұлы, 1982 жылы туған, Құрманғазы аудандық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған тіркелді.
Бөкейхан ауылдық округінің әкімі болып Турегалиев Жусуп Сулейменович, 1972 жылы туған, Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған тіркелді.
Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Хайруллина Эльмира Батырбековна, 1981 жылы туған, Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған тіркелді.
Нұржау ауылдық округінің әкімі болыпМұғалім Мұрабек Рифхатұлы, 1985 жылы туған, Құрманғазы ауданы Нұржауауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы, Нұржауауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы