2023 жылғы қаңтар-мамыр айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылғы  қаңтар-мамыр айындағы Құрманғазы ауданы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 425 өтініш  түскен. Оның ішінде, арыздар-352, шағымдар-1, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -72. Жеке тұлғалар-385, заңды тұлғалар- 40. (2022 жылғы мамыр айында -502 өтініш). Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 15,4 %-ға азайып отыр.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аудан әкімі аппаратына түскені–190.                                                               (2022 жылғы мамыр айында -191 өтініш). 2022 жылмен салыстырғанда                         1 өтінішке кеміп отыр.

2023 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): Облыс әкімі аппаратынан-11, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасынан – 1, Облыстық Экология департаментінен-1, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -2 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ. 59 өтініш қаралуда.

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 292 әкімшілік акт қабылданды, қолайлы әкімшілік акт қабылданғаны (оң шешілгені) - 173, ауыртпалық салатын әкімшілік акт қабылданғаны (түсінік берілгені) - 119.

Жер және жерді пайдалану бойынша – 154, құрылыс мәселесі бойынша – 6, әлеуметтік қамтамасыз ету – 4, жұмыспен қамту -4, мәдениет және өнер мәселесі бойынша – 5 өтініш оң шешілді.

Есептік кезеңде барлығы 3 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                            16 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 16 азаматқа тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер және жерді пайдалану, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

 

 

 

 

2023 жылғы қаңтар-мамыр айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
10 июля 2023