2023 жылғы қаңтар-сәуір айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 322 өтініш түскен. Жеке тұлғалар-291, заңды тұлғалар- 31. (2022 жылғы сәуір айында -409 өтініш). 2022 жылмен салыстырғанда 87 өтінішке кеміп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аудан әкімі аппаратына түскені–133. (2022 жылғы сәуір айында -161 өтініш). 2022 жылмен салыстырғанда 28 өтінішке кеміп отыр.
2023 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): Облыс әкімі аппаратынан-11, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасынан – 1, Облыстық Экология департаментінен-1, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -2 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ. 36 өтініш қаралуда.
Ағымдағы жылдың наурыз айында қаралған өтініштердің барлығы - 287.
Оң шешілгені -137. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-103, әлеуметтік мәселе-4, жұмыспен қамту-4, мәдениет-6, құрылыс-2,18-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.)
Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 4 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 13, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 4, жер және жерді пайдалану – 216, коммуналдық шаруашылық-9, жұмыспен қамту-10, мәдениет-15, құрылыс-5, ауылшарауашылығы -1, басқа да мәселелер- 49.
Есептік кезеңде барлығы 3 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен 16 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 16 азаматтың мәселесі (тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жер мәселесі, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту т.б мәселелер) бойынша заң шеңберінде түсінік берілді.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.