АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ БІРЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

     Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, Birlik_so13@mail.ru Бірлік ауылы, Мұхамбетшәріп Бекбаев көшесі 34Б,8(71233) 31359, 31326.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу  туралы ақпарат

 

            Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

            «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 06 қарашадағы №531 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штаттық саны бірлікті құрайды, оның нақты саны- 5 бірлік. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бірлік  ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;заңы және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

       Округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:

       1.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

       Бірлік ауылдық округ әкімінің аппаратына 2022 жылдың  ІІ жартыжылдығында жеке тұлғадан 3 өтініш келіп түсіп, 2 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды, 1 түсіндірілді.  Заңды тұлғадан өтініш түскен жоқ.

      2022 жылдың І жартыжылдығында, нормативтік құқықтық актілер бойынша 19 шешім, 49 өкім қабылданды.  2022 жылдың ІІ жартыжылдығында, нормативтік құқықтық актілер бойынша 10 шешім, 58 өкім қабылданды.   

     2022 жылдың ІІІ тоқсанында Бірлік ауылдық округінің Facebook ресми парақшасында «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» туралы және мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат орналастырылды. Жылдық жоспарға сәйкес «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» жұмысын жандадыру үшін тұрғындар арасында «Адал көмек» ұйымдастырылып отырды, ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтер саласы бойынша ақпарат және сұрақтарына түсіндірме жауаптары берілді.

      2022 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттікпен тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында және 9 желтоқсан күні - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай арнайы жасақталған баннерлері Бірлік ауылдық округіне қарасты мекемелерде орналастырылды.

     2022 жылдың  22 желтоқсан күні, Бірлік ауылдық округінің көрнекті жерлерінде  «Адал жүріп, адал тұр. Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Әділдікке жығылмайтын адам жоқ. Бір пара, екі қылмыскер» атты билбордтар ілінді.

    Әкімшілік ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарына арналған пошта жәшігі орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-13-59 сенім телефоны жұмыс жасайды.

   «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық факторын туғызатын құқық бұзушылық анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отчет по предоставленным видам государственных услуг по Тенизскому сельскому округу за 2022 год
Дата публикации
24 февраля 2023