2023 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың қаңтар айында Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 56 өтініш түскен. Жеке тұлғалар-48, заңды тұлғалар- 8, шағым-0. (2022 жылғы қаңтар айында -68 өтініш). 2022 жылмен салыстырғанда 12 өтінішке кеміп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені– 23 (2022 жылы қаңтар айында –24). 2022 жылмен салыстырғанда 1 өтінішке кеміп отыр.
2023 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған органдардан (мекемелер мен ЭҮП): Облыс әкімі аппаратынан-1, Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасынан – 1, Облыстық Экология департаментінен-1, Құрманғазы аудандық прокуратурасынан -2 өтініш түсіп тіркелді. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ. 24 өтініш қаралуда.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында қаралған өтініштердің барлығы - 32.
Оң шешілгені -19. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-14, әлеуметтік мәселе-1, мәдениет саласының мәселесі-1, 3-і басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.)
Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 1 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 2, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 1, жер және жерді пайдалану – 35, коммуналдық шаруашылық-4, құрылыс-1, мәдениет-3, басқа да мәселелер- 10.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.