2021-2025 жылдарға арналған Құрманғазы ауданын дамыту бағдарламасы
Құрманғазы 2021
МАЗМҰНЫ
|
1. |
Паспорт |
3-4 |
|
2. |
Ағымдағы ахуалды талдау 2.1. Негізгі мәселелердің кешенді сипаттамасы 2.2. Артықшылықтары мен мүмкіндіктері |
5-7 |
|
3. |
Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары |
8-15 |
|
4. |
Қажетті ресурстар |
16 |
|
Атауы |
2021-2025 жылдарға арналған Құрманғазы ауданын дамыту бағдарламасы |
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Құрманғазы ауданы 1928 жылы құрылды. Атырау облысының батысында орналасқан. Аудан Исатай ауданымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шекаралас. Аудан аумағы 20860,6 шаршы шақырым (облыс аумағының жалпы көлемінен 8,1%), соның ішінде ауыл шаруашылық жер көлемі 6 507,7 шаршы шақырым. Ауданға қарасты 19 ауылдық округ, 49 елді мекен бар, тұрғындары 58,9 мың адам. Халықтың жалпы санынан, халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 2,75 адамнан келеді. Аудан аумағы бойынша трансшекаралық Қиғаш өзені және Шора өзені өтіп жатыр. Аудан орталығы - Құрманғазы ауылы. |
|
Бағдарламаның бағыттары мен мақсаттары |
І – бағыт: Аймақтық экономикалық өсу Мақсаттары: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының басым дамуы Агроөнеркәсіптік секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру 1. ІІ-бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету 2. Мақсаттары: 3. Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру Жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету IІІ-бағыт: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіздік жердегі аймақ Мақсаттары: Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту Азаматтар үшін қол жетімді баспана алуға тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту Ауылдық елді мекендердің қамтамасыз етілуі |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың өз қаражаттары, қарыз қаражаты Қаржыландыру көлемдері: 2021 жыл – 7 473,2 млн. теңге 2022 жыл – 9 464,2 млн. теңге 2023 жыл –8 270,5 млн. теңге 2024 жыл –11 182,0 млн. теңге 2025жыл – 11 951,8 млн. теңге Барлығы: 48 341,6 млн. теңге. |
[Өнеркәсіп]
Аудан көлемінде орналасқан барлық өнім өндіруші кәсіпорындар бойынша 2019 жылы 12 708,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 94,2% құрады (2017 жылы – 12 340,0 млн.тг, 2018 жылы – 17 469,0 млн.тг).
[Шағын және орта бизнес]
2019 жылдың қорытындысымен аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 525, оның ішінде, жұмыс істеп тұрғандарының саны 2 347-ні құрады (2017 жылы – 2415, 2018 жылы – 2495).
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) және жастар жылына орай өңірлік үйлестіру кеңесінде ауданнан 5 жоба мақұлданып, мемлекеттік грант берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау бойынша 3 жоба мақұлданды.
2019 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 11 470,0 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 177,8 пайызды құрады (2017 жылы – 7 642,1 млн.тг 120,8%, 2018 жылы – 8 295,8 млн.тг 108,5%).
[Ауыл шаруашылығы]
Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдайы өндірістің қарқынды өсуімен, оның тиімділігін арттыру, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сүру сапасының жақсаруымен сипатталады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бойынша жыл сайын өсім байқалады (2017 жылы – 11 025,1 млн. теңге, НКИ - 102,4%; 2018 жылы -
12 538,8 млн. теңге, НКИ - 106,4 %; 2019 жылы – 14 248,6 млн теңге, НКИ –102,4%).
. 2019 жылы «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Атырау филиалы арқылы берілетін несиелер оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Сыбаға» мен «Игілік» несие беру бағдарламасы арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 22 шаруа қожалық 457 бас қой малына 13,8 млн теңге және 12 бас асыл тұқымды бұқамен 144 бас аналық сиырға 40,6 млн теңге сонымен қатар 48 бас жылқы малына 16, 3 млн теңге несие алып шаруашылықтарын жүргізуде
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары негізінде жыл ішінде 78 шаруашылық субъектілеріне 105, 3 млн теңге субсидия төленді.
[Жұмыспен қамту, жұмыс орындарын құру]
2019 жылғы мониторинг бойынша жұмыс күші (экономикалық белсенді халық ) 2017 жылға қарағанда 35,7 мың адамға, яғни 20,6%-ға өсті. (2017 жылы 29,6 мың, 2018 жылы 30,2 мың адам).
Жұмыспен қамтылғандардың саны 2017 жылы 28,1 мың адамнан 2019 жылы 33,9 мың адам болып, яғни 20,6% -ға өсті. (2018 жылы 28,7 мың адам).
Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылы 5,1%, 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,0% дейін төмендеді, жұмыспен қамту орталығына тіркелген ресми жұмыссыздардың деңгейі 3,6% құрайды (2018 жылы 3,7 %, 2018 жылы 5,0%)
2017 жылы ауданда 1650 жұмыс орны, 2018 жылы 2399 жұмыс орны, 2019 жылы 1250 жұмыс орны ашылды.
[Білім беру]
Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған апаттық және үш ауысымды мектептер жоқ. 2019 жылы үш жаңа 80 орындық орта мектептер ғимараты пайдаланысқа берілді. Құрманғазы ауданында жалпы білім беретін 33 мектептің 15-де пандуспен қамтамасыз етілгендіктен инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 2019 жылы 45,4%-ды құрап отыр. (2018 жылы – 42,5%, 2017 жылы – 37,5%).
[Спорт]
2019 жылы ауданда әртүрлі жастағы тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны – 15189 адам немесе аудан тұрғындарының 26,4 % құрайды. Аудан бойынша спорттық ғимараттардың саны 180 бірлікті құрайды (2017 ж – 167 бірлік, 2018 ж-171 бірлік). Соның ішінде 1 стадион, 1 спорт кешені, 3 ангар типті спорт кешені, 1 хоккей алаңы, 38 спорт залы, 5 атқыш тирі, 131 әртүрлі спорт алаңдары (оның ішінде баскетбол, волейбол, шағын футбол алаңдары) жұмыс жасайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 9 спорттық ғимаратқа көбейді.
Соңғы 3 жылда жаңадан Шортанбай, Байда, Ақкөл ауылдық округтерінде 3 спорт кешендері пайдалануға беріліп, жалпы спорттық обьектінің саны 167-ден 180 бірлікке жетті немесе 13 бірлікке көбейді.
2017-2019 жылдар аралығында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 5 спорт шебері және 32 спорт шеберіне үміткер дайындалды. 2019 жылы Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарына 4 спортшы және Атырау облысының құрамасына 52 спортшы енді.
[Төтенше жағдай]
2018 жылы Балқұдық өрт сөндіру бекеті құрылса, 2019 жылы аудан әкімінің 14 наурыздағы №15, 16 шешімдерімен «Асан ауылдық округінің Асан ауылында өрт сөндіру бекетін құру туралы», «Шортанбай ауылдық округінің Шортанбай ауылында өрт сөндіру бекетін құру туралы» өрт сөндіру бекеттері ашылды және 2 бірлік АЦ-2,5-40 (Зил-4333) маркалы өрт сөндіру автокөліктері алып берілді.
[Ауыз сумен қамту]
2017-2019 жылдар аралығында аудандағы 49 елді мекеннің 87,7% немесе 43-і орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Қалған 6 елді мекен (Алипов, Асан, Үштаған, Қошалақ, Қарақұл, Көкарна) таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.
[Автомобиль жолдары]
2017-2019 жылдары Құрманғазы ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 611 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 95 шақырым, облыстық маңызы бар 330 шақырым, аудандық маңызы бар 186 шақырым, селоішілік жолдар 219 шақырымды құрайды.
[Тұрғын үймен қамтамасыз ету]
2017-2019 жылдары ауданда барлық көздер есебінен 42412,0 шаршы метр тұрғын үй қабылданды. Оның ішінде жылдар бойынша: 2019 жылы 21 779 шаршы метр, оның ішінде 5770 шаршы метр болатын 3 қабатты 60 пәтерлік 1 тұрғын үй, 16009 шаршы метр құрайтын 185 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді; 2018 жылы – 11 176 шаршы метр жеке тұрғын үй, 2017 жылы – 9 457 шаршы метр жеке тұрғын үй. Бір тұрғынға шаққандағы қамтылу деңгейі – 2019 жылы 17,1 мың шаршы метр 2018 жылы 17,0 мың шаршы метр, 2017 жылы – 16,8 мың шаршы метр.
[Тұрмыстық қатты қалдықтар]
2017-2019 жылдар аралығында аудан бойынша 19 ауылдық округте 22 қоқыс алаңдары бар. Бәрінің де жерге орналастыру жобалары жасақталып, жер актілері алынған, Әділет басқармасынан тіркеуден өткізіліп, заңдастырылған.
Қоқыс алаңдарының айналасы санитарлық тазалық айлығы барысында ғана топырақпен көтеріліп,аумақтары күнделікті тазартылып отырылады.
Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы:
Жаңа өндірістерді ашу және істеп тұрған өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
Инфляцияның өсуіне қатысты тұрақты еңбекақы өсу қарқынының жетіспеушілігі;
Айналымдағы өз қаражаттарының жетіспеушілігі;
Ауыл кәсіпкерлерінен қол жетімді кепілдік мүліктің жоқтығы салдарынан екінші деңгейдегі банктердің несие беру ресурстарының несие алуға тиімді жолдары қарастырылмауы;
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы.
Артықшылықтары:
Азық-түлік өнеркәсіптерінің өнеркәсіптік әлеуеті;
Негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі және аграрлық сектордың дамуы;
Мал өнімдерін өндіру мен мал басының динамикасы өсуі.
Мүмкіндіктері:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді және экспорт көлемін арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлік үшін өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
Аудан халқына несиелер берудің ұйымдастыруға мемлекеттік қаражат бөлудің көлемін ұлғайту;
Аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер туғызу (шағын-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей).
Жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.
БІРІНШІ БАҒЫТ: Аймақтық экономикалық өсу
Мақсат 1: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының басым дамуы
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
1 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар |
млн.теңге |
6,0 |
25,0 |
50,0 |
60,0 |
70,0 |
АКжТБ |
Қол жеткізу жолдары:
Аудан әкімдігі жанынан құрылған «Аудан бойынша инвестициялық және инновациялық жобаларды қарау жөніндегі ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық кеңесші органда» өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қолдау.
Мақсат 2: Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
2 |
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексі |
% |
102,8 |
102,6 |
102,6 |
102,8 |
102,6 |
АШжЖҚБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2025 жылдар аралығында асыл тұқымды мал шаруашылығысанын 2 жоба дейін көбейту (2021 жылы – 1, 2024 жылы – 1);
2021-2025 жылдар аралығында мал шаруашылығы үшін қажетті мал азығы дақылдарын егу алқаптарының көлемін 190 гектарға дейін арттыру (2021 жылы – 120, 2022 жылы – 130, 2023 жылы – 145 жылы, 2024 жылы – 170, 2025 жылы - 190);
2021-2025 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында барлығы 26 жаңа ауылшаруашылық техникалары мен құралдарын алу (2021 жылы – 4, 2022 жылы – 5, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 10, 2025 жылы - 2).
ЕКІНШІ БАҒЫТ: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету
Мақсат 1: Жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
3 |
Құрылған жұмыс орындарының саны, оның ішінде: |
бірлік |
1448 |
1495 |
1505 |
1600 |
1600 |
АЖҚӘБжАХАТБ |
|
-тұрақты |
325 |
280 |
300 |
400 |
400 |
|||
|
-уақытша |
1123 |
1215 |
1205 |
1200 |
1200 |
|||
|
4 |
Еңбекке қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында) |
% |
67,1 |
67,2 |
67,4 |
67,7 |
68,1 |
АЖҚӘБжАХАТБ |
Қол жеткізу жолдары:
Өндірістерді енгізу және кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар (Нұрлы жол, Агро кешенді дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, Бизнес жол картасы – 2020, Өңірлерді дамыту, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы) шеңберінде жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен 7648 жұмыс орнын, оның ішінде 1705 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда;
Мақсатты топтар қатарына жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
Өңірлерде үнемі бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу;
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесін ұйымдастыру.
Мақсат 2: Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
5 |
Аппаттық және үш ауысымдық мектептер саны, оның ішінде |
бірлік |
|
|
|
|
|
БББ |
|
|
- апаттық |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
|
|
- үш аусымдық |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
||
|
6 |
Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі |
% |
75,7 |
86,8 |
90,6 |
93,9 |
100 |
|
Қол жеткізу жолдары:
2021 – 2025 жылдар аралығында 18 мектепті инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жоспарлануда:
Мектепке дейінгі білім беру сапасы жоғары және бірінші санатты педагогтар санын арттыру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін қайта даярлауға және арттыру есебінен қамтамасыз ету;
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру үшін білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Мақсат 3: Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
7 |
Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі |
% |
17,4 |
17,4 |
17,4 |
17,4 |
19,5 |
АДШжСБ |
Қол жеткізу жолдары:
2021 – 2025 жылдар аралығында аудан бойынша барлығы 4 спорт кешенін салу жоспарлануда;
2025 жылы – 4 спорт кешені: (Сафон ауылы – 1, Нұржау ауылы – 1, Жұмекен ауылы – 1, Балқұдық ауылы - 1).
Мақсат 4: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
8 |
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
* |
* |
* |
* |
* |
АҚҚОЖжЖДб |
*Ескертпе: Аталған нысаналы индикаторбойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен есептеу әдістемесінің бекітілмеуіне байланысты жоспарлы мәндері көрсетілмеді.
Қол жеткізу жолдары:
Төтенше жағдайлардың пайда болуына жол бермеу мақсатында халық арасында кешенді профилактикалық шараларды өткізу (оқыту, хабардар ету,БАҚ арқылы жұмыс және т.б.);
2021 – 2025 жылдар аралығында аудан бойынша 1 өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарлануда:
2021 жылы – Сафон ауылы.
ҮШІНШІ БАҒЫТ: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ
Мақсат 1. Азаматтар үшін қол жетімді баспана алуға тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
9 |
Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу |
ш. м |
18,2 |
18,5 |
18,7 |
19,0 |
19,2 |
АҚСжҚБ |
Қол жеткізу жолдары:
2022 жылы 5770 шаршы метр болатын 3 қабатты 60 пәтерлік 1 тұрғын үй, 2023 жылы 5770 шаршы метр болатын 3 қабатты 60 пәтерлік 1 тұрғын үй қабылдау жоспарлануда.
Аудан бойынша елді мекендерге жасақталған бас жоспарға сәйкес бөлінетін жер учаскелерін және тұрғын үй салынып жатырған мөлтек аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы салынатын жеке тұрғын үйлер көлемін көбейту.
Мақсат 2: Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық-шаруашылық инфрақұрылым объектілерін жаңғырту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
10 |
Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі |
% |
|
|
|
|
|
|
|
10.1 |
қалаларда |
* |
* |
* |
* |
* |
- |
|
|
10.2 |
ауылдық елді мекендерде |
99,3 |
99,6 |
99,6 |
99,6 |
99,6 |
АТҮКШ,АЖжЖКб |
|
|
11 |
Қалаларда халықты сарқынды суды тазартумен қамту |
% |
* |
* |
* |
* |
* |
АТҮКШ,АЖжЖКб |
Қол жеткізу жолдары:
2025 жылы Құрманғазы ауылына тәулігіне 3200 текше метр болатын КТИ құрылысын салу.
Асан, Үштаған ауылдарындағы ауылішілік су құбырының құрылысы жүргізілуде, (13,5 шақ.), құрылыс жұмыстары 2019-2021 жылға жоспарланған.
Мақаш ауылдық округіндегі Қарақұл-Голбин, Көкарна елді мекендеріне ауылішілік су құбыры желісінің құрылысы жоспарлануда, құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімі 2022 жылға жоспарланған.
Мақсат 3: Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
12 |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі |
% |
25,7 |
30,9 |
34,3 |
38 |
42,6 |
АТҮКШ,АЖжЖКб |
Қол жеткізу жолдары:
Аудан бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 137,6 шақырым автомобиль жолдарын жөңдеу жоспарлануда:
2021 жыл – 32 шақырым автомобиль жолын жөндеу, соның ішінде:
Аудандық жолдар – 14 шақырым ("Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш"- 9,0 шақ., Нұржау – 5,0 шақ.);
Облыстық жолдар – 18 шақырым ("7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" (участок 0-36 шақ.) – 18 шақ.);
2022 жыл – 27 шақырым автомобиль жолын жөндеу, соның ішінде:
Аудандық жолдар – 9 шақырым ("Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш"- 9,0 шақ.);
Облыстық жолдар – 18 шақырым ("7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" (участок 0-36 шақ.) – 18 шақ.);
2023 жыл – 16,8 шақырым автомобиль жолын жөндеу, соның ішінде:
Аудандық жолдар – 11,8 шақырым ("Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш"- 9,0 шақ., Дәшін-2,8 шақ.);
Облыстық жолдар – 5 шақырым ("7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" (участок 36-70 шақ.) - 5 шақ.);
2024 жыл – 25,7 шақырым автомобиль жолын жөндеу, соның ішінде:
Аудандық жолдар – 20,7 шақырым ("Ақкөл-Қызылоба-Жыланды-4-разъезд-Қиғаш"-13,3 шақ., Орлы-4,6 шақ., Дәшін-2,8 шақ.);
Облыстық жолдар – 5 шақырым ("7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" (участок 36-70 шақ.) - 5 шақ.);
2025 жыл – 36,1 шақырым автомобиль жолын жөндеу, соның ішінде:
Аудандық жолдар – 12,1 шақырым (Орлы-5,4 шақ., Дәшін-4,4 шақ., Сафон ауылдық округінің Затон участкесі-2,3 шақ);
Облыстық жолдар – 24 шақырым ("7-разъезд-Асан-Азғыр-Сүйіндік-Балқұдық" (участок 36-70 шақ.) – 24 шақ.);
Мақсат 4. Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
13 |
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі |
% |
21,0 |
24,0 |
27,0 |
30,0 |
33,0 |
АТҮКШ,АЖжЖКб |
Мақсат 5: Ауылдық елді мекендердің қамтамасыз етілуі
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Өлшем бірлігі |
Жоспарлы көрсеткіштер |
Жауапты орындаушылар |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж. |
2025ж. |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
14 |
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі |
% |
|
|
|
|
|
|
|
14.1 |
қалаларда |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|
|
14.2 |
ауылдық елді мекендерде |
68,3 |
73,8 |
79,4 |
85,2 |
91,5 |
АЭжҚб |
|
Қол жеткізу жолдары:
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде іс-шараларды іріктеу жобаларды таңдау және инфрақұрылым типтерінің басымдығы әдістемесіне сәйкес іске асырылады.
Дамыту бағдарламасында айқындалған іс-шараларға сәйкес қаржыландырылуын қамтамасыз ету.
ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
Дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі 48 341,6 млн теңгені құрайды. Соның ішінде:
млн.тенге
|
Бағыттар атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Жергілікті бюджет |
1 906,1 |
2 275,8 |
273,3 |
913,3 |
3 130,2 |
|
Республикалық бюджет |
5 496,1 |
7 115,4 |
7 922,2 |
10193,7 |
8742,6 |
|
Басқа көздер |
71,0 |
73,0 |
75,0 |
79,0 |
373,0 |
|
Барлығы: |
7 473,2 |
9 464,2 |
8 270,5 |
11 182,0 |
11 951,8 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
НКИ – нақты көлем индексі;
АКтЖБ – аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі;
АШжЖҚБ – аудандық шаруашылық және жер қатынастар бөлімі;
АӘК – атаулы әлеуметтік көмек;
АЖҚӘБжАХАТб- аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі;
АББ- аудандық білім бөлімі;
АДШжСБ – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі;
АҚҚОЖжЖДБ – аудандық құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі;
БАҚ – бұқаралақы ақпарат құралдары;
АҚСжҚБ – аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі;
АТҮКШ,АЖжЖКБ – аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
КТИ – кәріз тазалау имараты.