«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың IІ жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтежелері жөніндегі талдамалық
АНЫҚТАМА
Кудряшов ауылы 2023 жылғы 28 қаңтар
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысының 19.01.2023 жылғы №06-07-01-05/196 санды хаты негізінде, 2022 жылдың ІІ жартыжылдық қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:
Талдамалық анықтама
Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппаратында штат саны 18 бірлік. Соның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны 6 бірлік.Олар округ әкімі – 1 бірлік, бас мамандар- 5 бірлік. Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратында кадрлар тұрақсыздығы жоқ. Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша қызметкерлердің жауапкершілігі толық бақылауға алынып, бюджетті қалыптастыру, шешім қабылдау, басқада мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы бұзылмаған. Әкім аппараты қызметкерлерінің және округтегі мекеме қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар және құқық бұзушылық деректері болған жоқ. Округ әкім аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер электрондық портал арқылы жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша көрсетілуге тиіс 4 қызмет түрі бойынша 2022 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша көрсетілген қызмет саны – 12, оның ішінде 3-уі заңды тұлғаға көрсетілді, 9 жеке тұлғаға.
2022 жылдың 2 жартыжылдығы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 452 тұрғынға электронды санды қолтаңба ашуға, 520 қызмет көрсетуге ықпал етілді. Тұрғындар тарапынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 4 түрі бойынша көрсетілген қызметтерге арыз-шағым болған жоқ. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы толықтай жабдықталған (принтер, ксерокс, телефон, веб камерамен қамтылған) тұрғындарға қолайлы болу үшін әкімшілік ғимаратының кеңсесінде, қабылдау бөлмесінде (приемная) орналасқан.
5),6) Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппаратының құзыретіне рұқсат беру, бақылау функциялары кірмейді.
7) 2022 жылға арналған Кудряшов ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бекітілген. Бекітілген жоспар бойынша, 2 жартыжылдығы аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс ұйымдастырылған. Жиналысқа округ әкім аппаратының қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық ұйымының мүшелері, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, округ тұрғындары, шағын кәсіпкерлік өкілдері қатысқан. Отырыста бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуі талқыланған. Кудряшов ауылдық округ әкім аппараты аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу интернет –ресурс арқылы ашық өткізіліп отыр. 2022 жылдың ІІ жарты жылдығы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін округ көлемінде учаскелік комиссиямен жұмыс жүргізіледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке» өтініш білдірген үміткер азаматтардын тізіміне сәйкес учаскелік комиссия үй, отбасылық тұрмыстық жағдайына зерделеу актілерін жасақтап жасақталған актілер негізінде әр үміткер азаматтарға мұқтаж не болмаса мұқтаж еместігі жөнінде 3 жұмыс күннің ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қортынды жолдайды. 2022 жылдың ІІ жж 10 отбасы өтініш білдіріп, сол 10 отбасы «мұқтаж» деп танылып АӘК тағайындалған. Учаскелік комиссия аталған көмектерге тапсырған үміткер азаматтардың үй, отбасылық тұрмыстық зерделеу актілерін жасақтап, қортындыларын жасау жұмыстарын жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол берілмеген.
8) Кудряшов ауылдық округ әкім аппаратының қызметкерлері өз қызметін бекітілген Ережеге және атқаратын функцияларына қатысты, Қазақстан Республикасының заңнамаларының соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып атқарған. Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмаған. Жоғары тұрған органдардан 2022 жылдың ІІ жж жалпы 797 құжат келіп түсіп, оның 763 орындалды. Азаматтарды жеке қабылдау аптасына 2 рет сәрсенбі, жұма күндері сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. 2022 жылдың ІІ жж бойынша округ әкімі жеке қабылдау өткізіп, 18 азаматты қабылдаған (жеке қабылдауда болған азаматтардың 12 көтерген мәселесіне түсіндірме берілген, 6-ы қанағаттандырылған).
9) Кудряшов ауылдық округ әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілді. БАҚ-та сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық Серпер басылымына 2 материал жарияланды, ал әлеуметтік желілерде 4 материал жарияланды. Күні бүгінге округ бойынша тұрғындарға өз құқықтарын қорғап, білуіне ықпал ету мақсатында байланыс бөлімшелері арқылы 500 – ден астам жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, округ әкім аппаратының ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы үгіт материалдар орналастырылған. Аппарат ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі, әлеуметтік қамту заңдары, әскери есепке алу туралы ережемен заңдары, мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, «Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормалары», «Сенім жәшігі» ілінген. Әкім аппараты қызметкерлерінің әрекеттері бойынша бүгінгі күнге дейін, сенім жәшігіне және сенім телефонына азаматтардан бірде-бір арыз түскен жоқ. Сондай-ақ, әкім аппараты қызметкерлерінің және округтегі мекеме қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстар және құқық бұзушылық деректері болған жоқ.
10) Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың әкімшілік рәсімдеді, нақтылы регламентелген және бір жүйеге келтірілген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алып автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Е-Өтініш бағдарламасы бойынша Кудряшов ауылдық округ әкім аппараты ММ-де 2022 жыл ішінде 27 өтініш тіркелген (жеке тұлғалардан – 26, заңды тұлғалардан-1). Оның ішінде, 21 өтініштер оң шешілген, жер мәселесі бойынша – 20 өтініш, басқа да мәселелер – 1, 6- өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді. Округке келіп түскен өтініштер сол бойы тіркеліп, уақытылы жауабы беріліп хабарламаларымен таныстырылған. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлық мәселелері қозғалмаған.
11) Прокурорлық қадағалау актілері тіркелмеген.
12) 2022 жыл ішінде округ әкім аппараты тарапынан азаматтық іс бойынша сотқа қатысу болған жоқ.
Қорытынды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша құқық бұзушылық анықталмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс тобы келесі жұмыстарды атқаруды
ҰСЫНАДЫ:
2.«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» орындалуын қамтамасыз ету.
Дайындаған: Т.Утеушева
( 8(71233) 3-26-56