«Атырау облысы ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ дене шынықтыру және спорт БӨЛІМІ» Мемлекттік мекемесі 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.
Құрманғазы ауылы, Абай көшесі 53 үй , тел: 8(71233) 2-15-97
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім, өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 199 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.
Құрманғазы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландыраылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны – 3 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 1 бөлім басшысы, 1 бас маман, 1 бас маман-есепші.
Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
- Қазақстан Республикасының 2014 жылғы шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
- 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;
2022 жылдың ІІ жарты жылдығына бойынша бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі « Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі:
Бөлімде 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына бойынша бөлімге мемлекеттік қызметтер көрсету туралы өтініштер түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартары бөлімнің көрнекі жеріне ілініп қойылған.
Бөлімге 2022 жылдың ІІ жарты жылдығына жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағымдар түскен жоқ.
2022 жылдың қортындысы бойынша бөлім басшысының 170 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру – 4, бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан – 19, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы – 21, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан – 136.
Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», «Қазақстан Республикасының Бюджеті Кодексі», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырған.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағыңнан айырды», «Пара қорлық - балалардың арманын ұрлану», «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыш» атты жадынамалар және «Адал көмек» жобасы ілінді.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.