"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты"  мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг жүргізу кезіндегі  талдамалық анықтама

 

1.Кіріспе

 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторингінің мәні:

"Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг жүргізу  туралы

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке, заңды тұлға/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі

"Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, Теңіз ауылы, Исатай көшесі -29 үй, 87123337507,87123337508.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг кезеңі

Басталды қаңтар 2023  жыл, аяқталды 23-26 қаңтар 2023жыл

4.Бақыланатын кезең: 2023 жыл шілде желтоқсан айларының қызметі.

ІІ.Ақпараттық- талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің  қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері

        Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

        Теңіз ауылдық округі бойынша 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді.               Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді. Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, «Сенім жәшігі» орнатылған.

      Теңіз ауылдық округінде 6 мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.

      Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

 Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                  11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі», және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2022 жылдың                                                ІІ жартыжылдығы бойынша 5 өтініш түсті, өтініштердің 5-уі де толықтай қанағаттандырылды

Нормативтік құқықтық актілер бойынша 27 шешім, 61 өкім қабылданды. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында округте 3-75-07  сенім телефоны жұмыс жасайды.     

«Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін  тәуекелдер анықталған жоқ.

 

                                     

  

 

 

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама
Дата публикации
30 января 2023