«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу

туралы ақпарат

 

orly_okrug@mail.ru, Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 14 үй, 8(712)33 3-54-11,  факс 3-55-96

Бақыланатын кезең: 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы

Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде  округ әкімінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы  №8 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі шығарылды. Аталған өкім негізінде округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу арнайы құрылған жұмысшы тобына, яғни бас маман Г.Гумарова, округ әкімінің кеңесшісі А.Кибатуллинге және бас маман Г.Бахышоваға  жүктелді.

Талдауда аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша

Орлы   ауылдық   округ    әкімінің   аппараты   Құрманғазы  ауданы  әкімдігінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №9 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Орлы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына   сәйкес қызмет атқарады. Аудан әкімдігінің 29.12.2021 жылғы  №350 қаулысы  бойынша  округ әкімі аппаратының    штатық саны – 5  бірлікті құрайды, оның   қазіргі   нақты  саны – 5  бірлік. Округ   әкімінің 2022 жылғы  5 қаңтардағы №6 өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Аталған мерзімде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны 1.

ІІ.Нормативтік құқықтық актілер бойынша

2022   жылдың есепті  мерзімі  ішінде 66 өкім шығарылып, 38 шешім алынған. Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына  мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдарынан аталған мәселе бойынша қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Сонымен қатар, талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. 

ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық   даму,   инновациялар    және   аэроғарыш  өнеркәсібі министрі м.а.  2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығында көрсетілген 5 мемлекеттік қызмет «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту  туралы» Қазақстан   Республикасы   Ауыл   шаруашылығы   министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес көрсетіледі:

  • Елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет

меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  • Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;

Есепті мерзім ішінде жалпы саны – 6 мемлекетік қызмет көрсетілген.

ІV. Аппаратта  рұқсат беру және бақылау – қадағалау  Функциялары  жоқ

VІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Округ әкімінің аппаратына 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы ішінде барлығы 12 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғадан 12 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш түспеген. Оның ішінде қаралғаны 12, қанағаттандырылғаны 12.

Азаматтардың  арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, апта сайын комиссия мүшелерімен қаралып, акт толтырылған.  Күні  бүгін  сенім  жәшігіне түскен арыз-шағымдар жоқ. Округ әкімі аппаратында  3-55-96 сенім телефоны жұмыс жасауда.Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда   баяндалғандар негізінде   Орлы ауылдық округі әкімінің аппаратында 2022 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында жұмысшы тобы құрамымен төмендегідей ҰСЫНЫМДАР беріледі:

  1. Тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін уақытша алынған жер учаскелерінің пайдалану мерзімін ұзарту және жеке меншікке беру жөніндегі өтініштерді ауданнан жер жөнінде құрылған арнайы комиссияда қарау немесе мемлекеттік қызмет көрсету стандартына енгізу бойынша тиісті орынға 15.02.2023 жылға дейін ұсыныс енгізу.
  2. Округ бойынша тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін уақытша жер учаскесін алып, мерзімінде игерілмегендігі үшін жерге құқық беретін шешімнің күші жойылып, мемлекетке қайтарылып алынған жер учаскелерінің нақты тізімін 31.03.2023 жылға дейін жасақтап, ол жерлердің бұрынғы меншік иесінің атағынан толықтай шығарылу жұмысын ұйымдастырып, округ бойынша аталған бағытта жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға ашық негізде ұсынылуы үшін схемаларымен бірге ресми сайтқа 01.05.2023 жылға дейін жариялау.
  3. Тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесін алып уақытында игерілмегендігі үшін кері қайтарылған жер учаскелердің кезектен тыс басқа мақсатта, яғни көрші жер учаскесіне қосымша жер ретінде немесе өзіндік қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу және саяжай құрылысы мақсатында беріліп кетпеуін округ әкімі мен жауапты маман қатаң бақылауға алсын.

 

 

Бас маман                                                                                        Г.Гумарова

27.01.2023 жыл

 

Округ әкімінің кеңесшісі                                                             А.Кибатуллин

 

 

Бас маман                                                                                        Г.Бахышова

 

 

«Ұсыным келісілді»

Округ әкімі                                                                                      Ж.Бектемиров

27.01.2023 жыл

 

 

 

 

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат
Дата публикации
30 января 2023