Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының 2022 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ, Көптоғай ауылы, С.Елеусинова көшесі 24, тел: 8(71233)3-04-22 эл.пошта: koptogaiakim@mail.ru
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Көптоғай ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 11 тамыздағы №57 өкімімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» өкімі қабылданды. Аталған өкім негізінде Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М.Жігерұлына жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат
Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №14 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімінің өкіміне сәйкес округтің штаттық саны – 4 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 4 бірлік. Есепті мерзім ішінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша
Округке жеке тұлғалардан 2022 жылдың ІІ жартыжылдық жағдайы бойынша 11 өтініш түсті. 8 өтініш қанағаттандырылды, 3 өтінішке негізгі себептерімен түсінік берілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылып, 3-04-22 сенім телефоны орнатылған. Көптоғай ауылдық округ әкімінің аппаратында есепті мерзім ішінде округ әкімінің 92 өкімі, 19 шешімі қабылданды.
Округтің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады. Округтің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.