Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппаратына 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы «Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Жұмекен ауылы, Қ.Өмірбаев көшесі, 1 А үй, 8(71233) 3-16-44, факс 3-16-56, эл.почта: enbekshi_okrug@mail.ru
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына орай, 2022 жылдың ІІ жартыжылдықтың қорытындысымен «Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппаратына» сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау 2023 жылдың 24-26 қаңтар аралығында жүргізілді.
«Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді. Округ әкімі аппаратының ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен пікірлерін салуға арналған «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» 3-16-44 орнатылған. Округ мамандарынан құрылған комиссиямен әр аптаның бесінші күні сенім жәшігі қаралып тұрады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тиісті баннерлер орталық көшелерге орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында округтің «Facebook» әлеуметтік желісіне бейнеролик жарияланып, мекеменің көрнекі жеріне арнайы дайындалған жадынамалар орналастырып отырады.
Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметшілерінің штат саны – 18, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны – 7, келісім шарт негізінде қабылданған қызметкерлер саны – 14 бірлікті құрайды. Округ әкімінің өкімімен мемлекеттік қызметшілердің және жеке еңбек шарты негізінде қызмет атқаратын қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің кезекшілік кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес еңбек демалыстары беріліп келеді.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын өздерінің табыстары туралы декларацияны уақытылы тапсырып, «Е-қызмет» жүйесіне толықтай енгізіп отыр.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабына сай көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде толық және анық ақпарат ұсынады. Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарымен регламенттері көрнекі орынға орналастырылған.
Қоғамда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын-алу мақсатында округ бойынша төмендегідей шаралар өткізіліп, округтің facebook әлеуметтік желісіне азаматтық қоғам белсенділігін насихаттау жұмыстары жүргізілді.
29 тамызда Еңбекші ауылдық клубында «Конститутция – кемелдік кепілі» Конституциялық заңдылықтың сақталуын қадағалауға, адам, оның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың сенімін, сондай-ақ елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталғаны жөнінде шара ұсынылды.
9 қарашада Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы дайындаған бейнеролик орналастырылды.
5 желтоқсанда тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында арнайы дайындалған көрнекі өнімдер округ ғимаратына, округке қарасты барлық мекемелергежәнеокругтің facebook әлеуметтік желісіне жарияланды.
Округте жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда ұсталынып, тұрғындарды қабылдау және түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады. 2022 жылдың IІ жартыжылдығына жазбаша 15 өтініш келіп түсіп, оның 14 қанағаттандырылды, 1 түсіндірілді, яғни барлығына толықтай жауап берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында мерзімдерінде, заңнамалар нормаларының қолданылуында, қайта шағым беру сияқты кемшіліктер орын алмаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.
«Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.