Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың  ІІ  жартыжылдығына  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.

 

Бөкейхан ауылдық округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, baida_akimat@mail.ru  Бөкейхан ауылы, М.Әуезов көшесі №47,

87123361535, 61411

         Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 5-8 баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

        Құрманғазы     ауданы     әкімдігінің    2022   жылғы  01   желтоқсандағы № 12185-1315-ММ Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне  сәйкес мекеменің  штатық саны  6 – бірлікті құрайды, онын нақты саны - 5 бірлік (1 - орын бала күтіміне байланысты уақытша бос). Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының  2012  жылғы 16  ақпандағы  № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери  қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі;

Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөкейхан ауылдық округ  әкімінің аппаратының жұмыс барысына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

         Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің  2020 жылғы   1 қазандағы  №301 бұйрықтарына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. «Жер учаскексінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»:
  2. «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»:
  3. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»:
  4. «Сауда –саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқытар алу»:

2022 жылдың  ІІ  жартыжылдығында шыққан өкім саны - 77, шешім саны - 18. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден  уақытынан кешіктіріліп  орындалғаны жоқ.

Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке  тұлғалардан 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы жағдайы бойынша 14 өтініш түсті, жеке   тұлғадан - 11  өтініш келіп  түсіп, 9 тұлғаның өтініші қанағаттандырылып,   2 - тұлғаның өтініші  түсіндірілді. Заңды тұлғалардан -  3  өтініш келіп түсіп, 2 тұлғаның өтініші    қанағаттандырылып, 1 өтініші түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 6-15-35 сенім телефоны орнатылған.   

Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты  ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Жемқорлық- қоғам дерті», «Бүгін пара алсаң, Ертен түрмеге қамаласың», «Пара берме, алма», «Адал жүріп, адал тұр», «Бір пара- екі қылмыскер», «Жемқорлыққа жол беру- ұрпақтың болашағына балта шабу»  атты  жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп  тұр. «Атырау  адалдық алаңы» туралы  қажетті деректер  округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінулі. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Округ әкімшілігінің интернет - ресурсында арнайы сыбайлас жемқорлық мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру материалдары Facebook әлеуметтік желісінде Бөкейхан ауылдық округі парақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» тақырыбында уақтылы жарияланып және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыру бағытында 2022 жылға  арналған  медиа жоспарына сәйкес аудандық қоғамдық-саяси «Серпер» газетіне және әлеуметтік желісі «Facebook»  парақшасына «Қоғам дерті» тақырыпта мақала жарияланды.

«Атырау адалдық алаңы», «Antikor», «Antikor Live» жобалары жөнінде мәліметтер мен ақпараттарды  ауыл тұрғындары арасында кеңінен тарату мақсатында «Facebook» парақшасына сыбайлас жемқорлықтың салдары мен ұлы тұлғалардың сөздерімен бейнеленген  бейнеролик орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 желтоқсан күні - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай «Facebook» әлеуметтік желісінде басылым жарияланды. Бұнда «Жемқорлық- біздің заманымыздың үлкен індеті», «Жемқорлыққа жол жоқ, Қазір пара алып жүрсеңіз? Кейін балаларыңыз пара беруге мәжбүр болады», «Пара беру- хайуанға тамақ беру», «Түрме-ешкімге жараспайды», «Ақшаны емес - ақылыңды тыңда» атты  жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп  тұр.

Бөкейхан ауылдық округ әкімі аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын  факторлері айқындалмады.                                                                                               

Мекемеде  жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

 

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты.
Дата публикации
30 января 2023