«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

 

Нұржау ауылы, Серікбай ата көшесі 1 үй, 8(71233) 3-83-40, 8(71233) 3-83-09, 8(71233) 3-83-39.

Нұржау ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің                    2018 жылғы 23 қаңтардағы № 21 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                  11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі», және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Нұржау ауылдық округ әкім аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерін шектеуге және оны болдырмауға бағытталған шаралар үнемі бақылауда ұсталып, жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты округте барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстар жүріп, мемлекеттік органдарда, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік нысандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баспа материалдарын, көрнекілік жадынамаларды тарату жолға қойылып іске асырылуда.

          Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер  саны –  24, жазбаша түрде - 24. Өтініштер басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. 5 жеке тұлғаға түсінік беріліп, 19 тұлғаның өтініштері толықтай қанағаттандырылды. Жазбаша жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі. Нормативтік құқықтық актілер бойынша  43 - шешім, 56 - өкім қабылданды.

Жер  пайдалану саласында құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша  жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру кезінде Қазақстан Республикасы  Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке  берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауға алынған. Округ бойынша күні бүгінге жер кезегінде тұрған тұрғындар жоқ. Тұрғын үй салу үшін берілген жер телімін уақытылы игермеген округтің 1 тұрғыны 2022 жылы өз еркімен жер телімін мемлекетке кері қайтарды. Сатып алу келісім шарттар бойынша мерзімінде орындалмай жауапкешілікке тартылған мердігер болған жоқ. Мемлекеттік сатып алу тәсілімен жасалған келісім шарттар талапқа сай орындалып отыр. Округ ғимаратында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты», «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары» ілінген. Округ әкімінің төрағалығымен мамандарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін болдырмау бағытында жиналыстар өткізіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен келген сауалнамалар толтырылып отырылады. Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған  мемлекеттік қызметшілер аңықталған жоқ. Округ бойынша мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Атап айтқанда: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1; Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру-9; Өзін-өзі қамту бұрышы арқылы халыққа 19 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.                  2022 жылдың 6 айында 337 қызмет көрсетілген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында 3-83-09 «Сенім телефоны» мен «Сенім жәшігі» жұмыс жасайды. Нұржау ауылының Ақботин көшесінде «Адал көмек жобасы» бильборды орнатылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат
Дата публикации
29 января 2023