Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй, 8(71233) 2-01-53, факс 2-14-36.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.07.2022 ж.-31.12.2022 ж. қызметі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі:
басталды 21-23 желтоқсан 2022 жыл.
Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы №6 «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлім» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 9 бірлікті құрайды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру- 80;
2) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру- 89;
3) Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу- 0;
4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу- 217;
5) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру-7;
6) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту- 331;
7) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 32;
8) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау- 20;
9) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 2;
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 54;
11) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру – 167;
2022 жылдың ІІ жарты жылдығы бойынша бөлімде жалпы саны – 999 мемлекеттік қызметттер көрсетті.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-01-53 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында жалпы бөлімде ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған.
Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жаднамалар мекеменің көрнекті жеріне ілінген.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.
Құрманғазы ауданының ауыл
шаруашылығы мен жер қатынастары
бөлімінің басшысы А.Мұфтах
Құрманғазы ауданының ауыл
шаруашылығы мен жер қатынастары
бөлімінің бас маманы С.Кабдолов