«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

 

Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел.: 8(71233) 3-94-34

 

Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 7, 8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Округ әкімі аппаратының қызметін Құрманғазы ауданы әкімінің                    2018 жылғы 23 қаңтардағы №19 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі К.Нуртаевтың  2021 жылғы 5 ақпандағы «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» №22 қаулысына сәйкес мекеменің штаттық саны – 5 бірлікті құрайды, қызмет атқаратыны –5 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 адам жіберіледі. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданылады:

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                  11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі», және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Округ әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрепциялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Округ әкімі аппаратына қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Округ әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 2022 жылдың                                                ІІ жартыжылдығы бойынша 4 өтініш  түсті, өтініштердің 4-уі  де толықтай қанағаттандырылды.Нормативтік құқықтық актілер бойынша  27 - шешім, 44 - өкім қабылданды.

Жер  пайдалану саласында құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша  жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру кезінде Қазақстан Республикасы  Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке  берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауға алынған. Округ бойынша күні бүгінге жер кезегінде тұрған тұрғындар жоқ. Сатып алу келісім шарттар бойынша мерзімінде орындалмай жауапкешілікке тартылған мердігер болған жоқ.Мемлекеттік сатып алу тәсілімен жасалған келісім шарттар талапқа сай орындалып отыр.Округ ғимаратында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты», «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары» ілінген. Округ әкімінің төрағалығымен мамандарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін болдырмау бағытында жиналыстар өткізіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен келген сауалнамалар толтырылып отырылады. Әдеп кодексінбұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған  мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ. Округ бойынша мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі. Атап айтқанда: Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-0;Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру-8; Өзін-өзі қамту бұрышы арқылы халыққа 19 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.2022 жылдың 6 айында 121қызмет көрсетілген болатын. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерде орналастырылған, 3-94-34 сенім телефоны орнатылған.

Жер  пайдалану саласында құқық  бұзушылықтың алдын алу мақсатында, округ бойынша  жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру кезінде Қазақстан Республикасы  Жер кодексі талаптарының бұзылуына, жеке меншікке  берілген жерді заңсыз қайта бөлуге жол бермеу үнемі назарда ұсталып, бақылауға алынған. Округ бойынша күні бүгінге жер кезегінде тұрған тұрғындар жоқ.

Округтің Facebookпарақшасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және олармен күресу мәселелеріне қатысты бейнероликтер және мақалалар жарияланып отырылады. 15.08.2022 жылы мәдениет үйінде қоғамның әртүрлі орталарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарын негізге ала отырып құқықтық мағұлмат беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында «Атырау адалдық алаңы»  жобалық кеңесінің жадынамалары халық арасында таратылды. 25.08.2022 жылы «Серпер» газетінің №35 кезекті санына «Жемқорлық – қоғамға қастық» тақырыбында мақала жарияланды. 27.09.2022 жылы Дыңғызыл ауылдық мәдениет үйінде Республикалық қоғамдық бақылау жобалық кеңесінің Атырау облысы бойынша жауапты қызметкері Тулешова Ания Аханқызы және Аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқықтық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Рахметова Гульмира Маратқызы келіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін мемлекеттік орган мен халық арасында қарым-қатынасты нығайту және аталған бағытта проблемалық мәселелерді шешу мақсатында «Азаматтық бақылау» жобасы қосылуына байланысты қоғамдық бақылау өткізді.

         Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндет. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Мамыттың 2020 жылғы 10 қарашадағы №7-10/4789 санды хатына сәйкес, «Адал көмек»жобасын халық арасында жан-жақты ақпараттандыру мақсатында арнайы билбордтар жасақталып, округке қарасты Салауат Ханафин және Сұлтан Мұхамбетқалиев көшелеріне орнатылды.

Округ әкімінің аппараты бақылау қызметін жүзеге асырмайды.

Округ әкімі аппаратының басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде айқындалмады.

Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Алға қарай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңейтіліп, жоспарға сай атқарылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дыңғызыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Дата публикации
25 января 2023