2022 жылдың II жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

2022 жылдың II жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандықэкономика және қаржы бөлімі»Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының7-8баптарынажәне «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудіңүлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық экономика және қаржы бөлімі, өз қызметін Құрманғазы ауданы  әкімдігінің 2022 жылғы30 мамырдағы №217 «Атырау облысы Құрманғазы аудандықэкономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы№350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің штаттық саны-8 бірлікті құрайды, оның нақты саны - 7 бірлік.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

  • «Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағыКонституция;
  • «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы    № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
  • 100 нақты қадам - Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195  «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. 

 

Бөлімнің  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер  сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы                         6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынасәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету».

2022 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойыншабарлығы–54 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.

2022 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынштікелей бөлім басшысының атына  өтініш түскен жоқ.

2022 жылдың IIжартыжылдығының қорытындысы бойыншбөлім басшысының 134бұйрығы қабылданған, соның ішінде:

Еңбек демалысын беру-9, Бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-16, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-56, жұмысқа алу туралы-2, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-51.

     Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

Сыбайлас жемқорлық фактілерін   болдырмау мақсатында   бөлімде 871233 2-03-13 сенім телефоны жұмыс жасайды

 Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыпта және мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде  мақалалар жарияланып келеді.

      Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырған.

      Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық- балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылыққызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022 жылдың II жартыжылдығына «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіндесыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат
Дата публикации
20 января 2023