Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2022 жылы (өсу есебімен) көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Қиғаш ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы төмендегіше қызмет түрлері көрсетіледі.
1) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру- 3
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1
3) Жер телімін алу үшін кезекке қою-0
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп көрсетілген қызметтер болған жоқ.
Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.
2022 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.
Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер қағидаларының ақпараттық стенділері орнатылған.
Соңымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Қиғаш ауылдық округ әкімінің аппаратында ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы «Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 463 қызмет көрсетілсе, оның ішінде 200 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алды.
Кесте:
|
р/с |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы |
Көрсетілген қызмет саны |
|
1 |
"Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну |
22 |
|
2 |
"Фтизиатрия" Фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну |
19 |
|
3 |
"Психиатрия" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну |
22 |
|
4 |
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру |
23 |
|
5 |
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу |
35 |
|
6 |
Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою |
4 |
|
7 |
Медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту |
47 |
|
8 |
ЭЦҚ – ны қашықтан алу |
200 |
|
9 |
Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметте қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру |
3 |
|
10 |
Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру |
81 |
|
11 |
БЖЗҚ зейнетақы аударымдары туралы ақпарат |
7 |
|
Барлығы |
463 |
|
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.