Кудряшов ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының №1 хаттамасы

Кудряшов ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының №1 хаттамасы

 

Кудряшов ауылы                                                                      «2» қаңтар 2023 жыл.

Кудряшов ауылдық клубы                                                         сағат 10:00

                                                                                                                  

Қатысқандар: Тұрғындар саны – 96 адам ( «ZOOM» платформасы арқылы қатысқан тұрғындар саны – 662 адам)

Қоғамдастық жиналысына қатысуға тиісті: Қоғамдастық жиналыс мүшелері - 17 адам.

Қатысқандар - 15 адам: 1.Абугалиев Сарсенбек К., Шамшеденова Клавдия Х.,Габдулова Жанипа А., Айтпаев Жасулан У., Горбачева Татьяна Ф., Султангалиев Уалит, Кумаров Айбек К., Имангалиева Светлана Т., Джармухамбетов Алимжан Б., Утепбергенов Адилжан Ж., Утеушев Тубаряк К., Орынбасарова Нуржамал К., Нургалиев Бауржан И., Шукралиев Биржан Н., Рамазанов Сагындык,  Кумашев Ернар С., Кужабеков Кайрбек Ш.

Қатыспағандар: Шукралиев Биржан Н., Кумашев Ернар С.- дәлелді себептермен (вахталық жұмыста болуларына байланысты)

        

Күн тәртібінде:

  • «Кудряшов ауылдық округінің және Кудряшов ауылының атауын қайта атау».

 

         Жиналысты Кудряшов ауылдық округ әкімі – Сундетов Жаслан Андиржанович ашып, күн тәртібіне ұсынылып отырған мәселе бойынша түсінік беріп өтті.

Ж.А.Сундетов: 2022 жылдың желтоқсан айының 1-і күні Құрманғазы ауданының қоғамдық –саяси «Серпер» газетінің №49 басылымына,                    2023 жылдың қаңтар айының 2-сі күні, сағат 10:00-де Кудряшов ауылдық округінде орналасқан ауылдық клуб ғимаратында жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің қатысуымен тұрғындар жиналысы өткізілетіндігі жарияланған болатын. Осыған орай бүгінгі күні сіздермен кездесіп отырмыз.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы                       №138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аймақ, тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып жалпы жергілікті қоғамдастық жиналыс мүшелерінің 17 адамының 15-сі қатысып отыр, жиналысты ашуға деген толық мүмкіндік бар.

         Қоғамдастық мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысын ұсынамын.

Жиналыс төрағасы: Нургалиев Бауыржан Иглашович

Жиналыс хатшысы: Утепбергенов Адилжан Жеткеншенкович сайланды.

Ж.А. Сундетов: Заң талаптарына сәйкес жиын төрағасы президиумға шақырылды.

         Жиналыс төрағасы:

         Б.И.Нургалиев ауылдық округтің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерін «Кудряшов ауылдық округінің және Кудряшов ауылының атауын қайта атау» туралы күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып өтті.

         Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың да алғы шарты.

         Ономастика саясаты атауларды қазақшаландырумен шектелмейді. Мұндағы басты мақсат – әр елді мекеннің атынан ұлттық болмыстың, ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұруы керек. Елді мекенге берілген жаңа атау сол ауылдың, не көшенің тұрғындарына, әсіресе, жас ұрпақ санасында ұлттық патриотизімді қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Сол себептен, қай бір елді мекенге атау берілгенде осыған басты назар аударуларынды сұрай отыра Кудряшов ауылдық округімен, Кудряшов ауылын қайта атауға, қолдау көрсетулерін сұрады.

 

Ұсыныс:

          Рамазанов Сагиндык – қоғамдастық жиналыс мүшесі.

Кудряшов жалпы орысша атау. Мен өз ойымды айтатын болсам ауылдың атауы мен округ атауы бірдей болған дұрыс, себебі аудан аймақтарында, кейбір жерлерде әр атаумен аталып жатыр. Кейбір жерлерде қиындық туғызуда. Бұл жерде қаперлеріне берейін дегенім осы ауылдық округ бойынша бірнеше тұлғалар бар, олардың өздерінің еңбегімен осы Кудряшов ауылына, ауылдық округіне атақтарын беруге лайықты тұлғалар деп ойлаймын, өз пікірім.

 1913 жылдан бастап, жастайыннан Шайхы балық шаруашылығында жұмыс жасап, осы жердегі жергілікті халыққа, балық шаруашылығына еңбегі мол болған тұлға Шайхы Әбішев ҚССР – ның тұнғыш балық министірі болған, бұл тұлғаны да бір қатарларымыз, ардагерлер жақсы білеміз.

Бұрын осы жерде 1930 жылы «Тұнғыш» колхозы құрылып оның бірінші төрағасы  Рахманов Аман ағамыз басқарған, кейін оның төрағасы болып Бекмағанбетов Жалмухан тағайындалған. Теніз ауданындағы алғашқы ұжымдық шаруашылық болғандықтан, оны осылай «Тұнғыш» колхозы деп атаған. Бұл жерде біздің балықшы ата-бабаларымыз жұмыс жасаған. Осыны ұмытпауымыз қажет.Осыны ескере отырып Кудряшов ауылдық округ атауын және ауыл атауын берерде осы атауларды ескерген дұрыс. Менің пікірім ауыл атауын және ауылдық округ атауын Шайхы Әбішев деп қайта атауға ұсыныс жасаймын және басқа атаулардың қажеті жоқ деп санаймын.

Ұсыныс қабылданып қоғамдастық мүшелерімен дауысқа салу жөнінде шешілетіндігі ескертілді.

 

       Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз сөйлегендер:

  1. Джармухамбетов Алимжан – қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары, бүгінгі күні біздің ауылға жақсы жаңалық. Біз бүгін ауыл атауымен, ауылдық округ атауын беруге жұмыстанудамыз.Ауыл атауын, ауылдық округ атауын өзгерту жөніндегі мәселесі ауыл тұрғындарымен қоғамдық жиын мүшелерінің жиынында бірнеше рет талқыланып, шешімін таппай жүрген мәселенің бірі. Мен бұрыннан да өзімінің пікірімді айтып келдім және қазір де айтамын. Әрине Кудряшов Кузьма Иванович қызыл командир комиссары, алғашқы Совет Үкіметі құрылған кезде ауыл балықшыларының басын косып, қарапайым халықтын жағдайын ойлап қанын төкті, өзі осы жерде қаза болған тұлғалардың бірі болатын. Әрине бұл азаматтың еңбегі зор және қайтарымсыз. Бірақ жоғарыда жиын төрағасы Б.И.Нургалиев айтқанындай «Басты мақсат – әр елді мекеннің атынан ұлттық болмыстың, ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұруы керек». Елді мекенге берілген жаңа атау сол ауылдың тұрғындарына, әсіресе, жас ұрпақ санасында ұлттық патриотизімді қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Сондықтан Кудряшов ауылдық округ атауын және ауыл атауын Шайхы Әбішев деп қайта атауға ұсыныс жасаймын.

  1. Утепбергенов Адилжан - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары бүгінгі күні ауылымызда үлкен жиын өтуде бұл жиын басқа жиындардан өзгеше. Себебі, біздер бүгін ауылмен ауылдық округтің атауларын өзгерткелі отырмыз, бұл біздің тарихымызға кіреді. Мен ауыл жастары атынан сойлеп отырмын және қазіргі аталып тұрған Кудряшов атауына ешқандай қарсылығым жоқ. Әрине бұл тұлға қызыл командир комиссары болған, жергілікті халыққа еңбегі сіңген. Бүгінгі қаралып отырған мәселеге тікелей жастарда да қатысы бар, келер болашақ жастар, ауылдардың тарихын жанғырту керек, жаңаша болу қажет. Сондықтан Кудряшов ауылдық округ атауын және ауыл атауын Шайхы Әбішев деп өзгертуге келісемін.  

  1. Шамшеденова Клавдия Х. - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары бүгінде күн тәртібіне қойылып отырған мәселе өте маңызды. Себебі, біздер бүгін ауыл мен ауылдық округтің атауларын өзгерткелі отырмыз. Әрине Кудряшов Кузьма Иванович қызыл командир комиссары болған. Бұл тұлғаның мүсіні күні бүгінде орталық демалыс алаңның ішінде ескерткіш ретінде орнатылып тұр. Біз ауылымыздың ауылдық округтің атауын өзгерткенімен бұл тұлғаның мүсінің алып, жойып тастайындеп отырғанымыз жоқ. Біз оған тағзым етіп құрметтейміз. Кудряшов біздің есімізде мәнгілік калады. Сондықтан Шайхы Әбішевтің жергілікті халыққа жасаған еңбегін ескеріп ауылдық округ атауын және ауыл атауын Шайхы Әбішев деп өзгертуге ұсыныс жасаймын.

  1. Абугалиев Сарсенбек - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиналыс мүшелері. Мен қазақша атау беруге ауыл мен округ атауын өзгертуге қарсы емеспін. Айтайын дегенім «Тұнғыш» колхозы құрылу кезінде қаншама қиындықтар, кедергілер бола тұрсада балық шаруашылығының жұмыстары, балық аулауы тоқтамаған. Бері-келе колхоздың шаруашылығы дамып косымша егін, мал шаруашылығымен айналысып, жаңа жұмыс орындары ашылып тұрғындар колхозға мүшелікке кірген. Жергілікті халықтың жағдай жақсара түскен. «Тұнғыш» колхозы соғыс жылдары майданға 250 сәйгүлік аттарды әскерлердің керегіне дайындап жіберген. Ал Шайхы Әбішевтің еңбегі туралы алдымызда сөйлеген ардагерлеріміз айтып кетті, оныңда еңбегі мол екенін бәріміз жақсы біліп отырмыз. Осы айтылған сөздердің барлығының еңбектерін ескеріп «Тұнғыш» ауылдық округі, Шайхы Әбішев ауылы деп қайта атауды ұсынамын.

 

  1. Тулегенов Женіс - ауыл ардагері, зейнеткер.

         Құрметті жерлестер. Менің естуім бойынша ол тұлға айтарлықтай өте қарапайым адам болған. Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, жақсы өмір сүруге өз еңбегін, терін аянбай төккен тұлға. Кудряшов ауылының атауын ауылдық округ атауын қайта атау жөнінде айтатын болсақ. Біздер қазір жаңаша өзіміздің егемендік мемлекетімізде еркін өмір сұріп жатырмыз, сондықтан бәріде жаңаша болуы керек деп ойлаймын. Менің ұсынысым ауылдың атауын және округ атауын Шайхы Әбішевтің атауымен атауға ұсыныс беремін.

 

  1. Султангалиев Уалит - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Бүгін жиналып отырған жиналыс мүшелері ауылдық округтегі әр көшеден сайланған уәкілдеріміз, Кудряшов ауылының атауын өзгерту жөніндегі күн тәртібіндегі мәселе көптен бері шешімін таппай жүрген мәселе. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекттік саясаттың аса манызды бағыттарының бірі. Жоғарыда айтылған Шайхы Әбішев өзінің елеулі еңбегін қосқаны үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, «Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен» және «Ленин» орденімен марапатталып қатардағы балықшыдан халық комиссарына дейін көтерілген. Осы жетістіктері мен жергілікті халыққа деген еңбегін ескеріп Кудряшов ауылдық округ атауына және ауыл атауына Шайхы Әбішевтің атауын беруге ұсыныс жасаймын.

 

  1. Нургалиев Бауржан - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

                Құрметті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиналыс мүшелері. Бүгінгі жиналыстың төрағасы болып отырмын, әр адам өз пікірін айту керек деп отырсыздар. Меніңше қазіргі замануи ағымға байланысты, әр уақыттың өзінің сұранысына байланысты, әрине ауылымыз жаңаша болғаны жақсы. Бірақ Кудряшов Кузьма Иванович қызыл командир комиссары, жергілікті халықты, балықшылардың барлығын бір жерге жинап, олардың жағдайын ойлап, аянбай еңбек етті. Әрине бұл азаматтың ерлігі, еңбегі есте қаларлықтай. Бұл жерде жергілікті халыққа, балықшы колхоздарына еңбегі мол болған тұлға Шайхы атамыз, бұл тұлғаны да бір қатарларымыз жақсы білеміз.1930 жылы «Тұнғыш» колхозы құрылып оның бірінші төрағасы Рахманов Аман ағамыз басқарған. колхозшылар соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру және оны әрі дамыту жылдарында, орталықтан 300 орындық селолық клуб, тұрғын үйлер Шайхы Әбішев салынып, жергіліті тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 1954 жылы жеті жылдық «Н.В.Гоголь» атындағы мектеп іске косылды. 1956 жылдары ауылдың инфрақұрылымын дамытуға үлкен үлесін косқан колхоз төрағасы Намазалиев Сатыбай ағамыздында еңбегі зор болды. Сонымен бірге колхоз құрылысының ардагерлері мен еңбек озаттарыда және осы жерде еңбек еткен «Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген қызметкері» атағын алған Төлешқали Ғабдулов ағамызда бар. Сондықтан осы жиналысқа қатысушылардың пікірлерін тындай отырып, менің өз пікірім, ауылдық округ атауын «Тұнғыш» деп атау керек, ал ауыл атауы Кудряшов болып қала берсін. Сонымен қатар, ауылдық округке қарасты Жаңа ауыл елді мекеніндегі Тұнғыш көшесінің орнына Шайхы Әбішевтің атын беруге ұсыныс жасаймын.

 

  1. Габдулова Жанипа А. - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары бүгінде күн тәртібіне қойылып отырған мәселе өте маңызды. Себебі, біздер бүгін ауылмен ауылдық округтің атауларын өзгерткелі отырмыз. Баршаңызды үлкен жауапкершілікпен қаруыңызды сұраймын. Шайхы Әбішев заманның қиын түстарында әртүрлі, үлкен басшылық жауапкершілік жұмыстарды атқарған, өзінің еңбегімен қатардағы балық комиссарына дейін көтерілген.Ұлы Отан Соғысының кезінде ауыл тұрғындарын, қарапайым жұмысшыларды біріктіріп, ашаршылыққа жол бермей өзінің елеулі үлесін қосқан. Сондықтан Шайхы Әбішевтің жергілікті халыққа жасаған еңбегін, жеткен жестістіктерін ескеріп ауылдық округ атауын және ауыл атауын Шайхы Әбішев деп атауға ұсыныс жасаймын.

 

  1. Айтпаев Жасулан У. - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары. Ертеден қалыптасып қалған, осы жерде өзінің қанын төккен қызыл командир комисары Кудряшов Кузьма Ивановичтің да еңбегін ұмытпау керек, Әрине Шайхы Әбішевтің қайтарылмас еңбегі бар. Сондықтан Шайхы Әбішевтің жергілікті халыққа жасаған еңбегін, жеткен жестістіктерін ескеріп ауылдық округ атауын және ауыл атауын Шайхы Әбішев деп атауға ұсыныс жасаймын.

 

  1. Кужабеков Кайрбек Ш. - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары. Шайхы Әбішевті осы жерде отырған ардагерлердің бірқатарлары жақсы біледі қандай тұлға болған. Қарап отырсақ, еңбек жолын 1913 жылдан бастап түрлі балық шаруашылық кәсіппен айналысқан. 1928 жылдары балықшыларды жабдықтау кооперативі басқармасының төрағасы болып сайланған. Кейіннен балық зауытының қабылдау пунктінің меңгерушісі болған. 1930 жылдары №11 жүзбелі зауытқа директордың көмекшісі болса, бір жылдан кейін «Жайық- Каспий» мемлекеттік балық тресіне қарасты «Камен» балық зауытына директордың көмекшісі болған. Айта берсек бұл тұлғаның халық үшін жасамаған еңбегі, қызмет жасамаған жері жоқ сияқты. Осыны ескеріп мен ауыл атауында және ауылдық округ атауында өзгертіп Шайхы Әбішев деп атауға келісемін.

 

  1. Аюпов Гизат – ауыл ардагері, зейнеткер.

         Құрметті ауыл тұрғындары. бұл көптен шешілмей келе жатқан сұрақ қой. Мына жерде байқаймын қоғамдық жиналыс мүшелері Сағындық ағамызбен Алимжан ағамыз айтып отырғандары, олда дұрыс шығар. «Басты мақсат – әр елді мекеннің атынан ұлттық болмыстың, ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұруы керек». Біздер Рухани жаңғыруымыз керек. Жергілікті халыққа, балықшы колхоздарына еңбегі мол болған тұлға Шайхы Әбішев. Егерде әлеуметтік желілерді ашсақ Кудряшов ауылы, Тұнғыш деген атауларды іздесек, басқа облыстарда осы аттармен, атаулары кездеседі. Кейде табалмай шатасасын. Сондықтан менің өз пікірім ауылдың атауын, округ атауын Шайхы Әбішев деп атауға ұсыныс жасаймын.

 

  1. Бисенгалиев Асылбек – ауыл ардагері, зейнеткер. Құрметті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиналыс мүшелері. Мен Құсайын Өтешқалиев көшесінде тұрамын, меңінше өзгертпеу керек. Әрине Шайхы Әбішевтің қайтарылмас еңбегі бар. Бірақ ертеден қалыптасып қалған, осы жерде өзінің қаның төкен қызыл командир комисары Кудряшов атамыздыңда еңбегім ұмытпау керек, оның аты болашақ ұрпағымызға қала берсін. Ауылдық округпен ауыл атауын өзгерткен жағдайда көптеген құжаттамаларды өзгерту қажет болады, оған қосымша қаржы керек болады, оныда ескеру керек. Сондықтан менің ұсынысым ауылдың атауын және ауылдық округ атауын өзгертуге қарсылық білдіремін. Кудряшов ауылдық округі, Кудряшов ауылы болып қала берсін.
  2. Утеушев Тубаряк К. - қоғамдастық жиналыс мүшесі. Құрметті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиналыс мүшелері. Мен қазақша атау беруге ауыл мен округ атауын өзгертуге қарсы емеспін. Ал Шайхы Әбішевтің еңбегі туралы алдымызда сөйлеген ардагерлеріміз айтып кетті, оныңда еңбегі мол екенін бәріміз жақсы біліп отырмыз. Осы айтылған сөздердің барлығының еңбектерін ескеріп Шайхы Әбішев ауылдық округі, Шайхы Әбішев ауылы деп қайта атауды ұсынамын.         
  3. Имангалиева Светлана - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Бүгін жиналып отырған жиналыс мүшелері Кудряшов ауылының атауын өзгерту жөніндегі күн тәртібіндегі мәселе көптен бері шешімін таппай жүрген мәселе. Жоғарыда айтылған Шайхы Әбішев өзінің елеулі еңбегін қосқаны үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен», басқада бірнеше марапаттарға ие болған және қатардағы балықшыдан халық комиссарына дейін көтерілген. Осы жетістіктері мен жергілікті халыққа деген еңбегін ескеріп Кудряшов ауылдық округ атауына және ауыл атауына Шайхы Әбішевтің атауын беруге ұсыныс жасаймын.

  1. Кумаров Айбек К. - қоғамдастық жиналыс мүшесі.

         Құрметті ауыл тұрғындары, қоғамдастық жиналыс мүшелері. Әр адам өз пікірін айту керек деп отырсыздар. Меніңше қазіргі замануи ағымға байланысты, әр уақыттың өзінің сұранысына байланысты, әрине ауылымыз жаңаша болғаны жақсы. Мына жерде  қоғамдық жиналыс мүшелерінің айтып отырғандары, олда дұрыс шығар. Біздер Рухани жаңғыруымыз керек. Сондықтан Осы жетістіктері мен жергілікті халыққа деген еңбегін ескеріп Кудряшов ауылдық округ атауына және ауыл атауына Шайхы Әбішевтің атауын беруге ұсыныс жасаймын.

        

Басқа ұсыныстар болған жоқ.

Сөйлеу тоқтатылды.

 

Кудряшов ауылдық округінің және Кудряшов ауылының атауын қайта атауға

4 (төрт) ұсыныс түсті, олар:

  1. «Шайхы Әбішев» ауылы, « Шайхы Әбішев» ауылдық округі деп атауға
  2. «Кудряшов» ауылы, «Тұнғыш» ауылдық округі деп атауға
  3. «Шайхы Әбішев» ауылы, «Тұнғыш» ауылдық округі деп атауға
  4. «Кудряшов» ауылы, «Кудряшов» ауылдық округі деп қалдыруға.

 

Әрбір ұсыныс қоғамдастық мүшелерімен ашық, жеке дауысқа салынды:

  1. Шайхы Әбішев ауылы, Шайхы Әбішев ауылдық округі деп атауға; қолдап – 13,

қарсы - 2,

қалыс - 0.

  1. Кудряшов ауылы, «Тұнғыш» ауылдық округі деп атауға:

қолдап – 1,

қарсы - 14,

қалыс - 0.

  1. Шайхы Әбішев ауылы, «Тұнғыш» ауылдық округі деп атауға;

     қолдап – 1,

қарсы - 14,

қалыс - 0.

  1. Кудряшов ауылы, Кудряшов ауылдық округі деп қалдыруға;

қолдап – 0,

қарсы - 15,

қалыс - 0.

 

Кудряшов ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық  жиналысы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қоғамдастық мүшелерінің дауысымен Кудряшов ауылының атауы және Кудряшов ауылдық округінің атауы «Шайхы Әбішев» ауылы, «Шайхы Әбішев» ауылдық округі деп өзгеруге келісім берілсін.
  2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы округ әкіміне жолдансын.

 

                       Жиналыс төрағасы:                                       Б.Нургалиев

                       Жиналыс  хатшысы:                                     А.Утепбергенов

 

 

Кудряшов ауылдық округінің тұрғындары мен қоғамдастық жиналысына қатысқан жергілікті қоғамдастық жиыналыс мүшелерінің тізімі.

 

Кудряшов ауылы                                                                      «2» қаңтар 2023 жыл.

Кудряшов ауылдық клубы                                                         сағат 10:00

 

  1. Абугалиев Сарсенбек К._____________________________
  2. Шамшеденова Клавдия Х.___________________________
  3. Габдулова Жанипа А._______________________________
  4. Айтпаев Жасулан У.________________________________
  5. Горбачева Татьяна Ф._______________________________
  6. Султангалиев Уалит________________________________
  7. Кумаров Айбек К.__________________________________
  8. Имангалиева Светлана Т.____________________________
  9. Джармухамбетов Алимжан Б.________________________

10.Утепбергенов Адилжан Ж.___________________________

11.Утеушев Тубаряк К._________________________________

12.Орынбасарова Нуржамал К.__________________________

13.Нургалиев Бауржан И._______________________________

  1. Шукралиев Биржан Н.______________________________
  2. Рамазанов Сагындык_______________________________

16.Кумашев Ернар С.__________________________________

17.Кужабеков Кайрбек Ш.______________________________

Кудряшов ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық жиналысының №1 хаттамасы
Дата публикации
16 января 2023