Құрманғазы ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
Бүгінде ауылдардағы кадрлар тапшылығы түйіткілді мәселелерді бірі екені белгілі. Осыған орай, мемлекет 2009 жылдан бері жас мамандарды қолдау мақсатында "Дипломмен – ауылға" бағдарламасын ұйымдастырып келеді. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты - елді мекендердегі білім беру, денсаулық сақау, мәдениет, спорт, ветеринария салаларының маңызды мамандықтарымен қамтамасыз ету, жұмыссыз жастардың санын азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ауданымызға келген мамандарды қолдап, көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілуде.
Нәтижесінде, 2009-2022 жылдар аралығында 518 маманға, 497 көтерме жәрдемақы 85 358,5 мың теңге, 155 тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 417 441,0 мың теңге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген.
Көтерме жәрдемақы бойынша:
- Білім беру саласының 310 маманына 54 472,4 мың теңге
- Денсаулық сақтау саласының 125 маманына 18 495,6 мың теңге
- Әлеуметтік қамсыздандыру саласының 1 маманына 168,1 мың теңге
- Мәдениет саласының 12 маманына 2498,7 мың теңге
- Спорт саласының 12 маманына 2721,4 мың теңге
- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 35 маманына 6389,7 мың теңге
- Ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері 2 маманға 612,6 мың теңге.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие бойынша:
- Білім беру саласының 91 маманына 228 641,8 мың теңге
- Денсаулық сақтау саласының 42 маманына 111 776,0 мың теңге
- Мәдениет саласының 9 маманына 32 684,1 мың теңге
- Спорт саласының 2 маманына 6 298,0 мың теңге
- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 11 маманына 38 041,0 мың теңге.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек келесі түрде көрсетіледі:
(2022 жылы 306 300 теңге);
(2022 жылы 4 594 500 теңге) мөлшерінде несие беру.
2022 жылға аудан бюджетінде 45 маманға 13 784,0 мың теңге көтерме жәрдемақы және республикалық бюджеттен 9 маманға 41 351,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие жоспарланып,толықтай игерілді.
Сонымен қатар 2023 жылға аудан бюджетінде 40 маманға 13 800,0 мың теңге көтерме жәрдемақы және республикалық бюджеттен 10 маманға 51 750,0 мың теңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие жоспарланғандығын хабарлайды.