2022 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысымен
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі»
мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2, тел: 8(71233) 2-06-38, 2-07-47.
«Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы және бөлім басшысының 2023 жылғы 04 қаңтардағы №1 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобы 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылдың 05-06 қаңтар күндері аралығында жүргізілді.
Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №215 «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметшілер бойынша штаттық саны - 4 бірлікті құрайды, оның ішінде 1- басшы, 2 бас маман, 1 бас - маман есепші.
Жыл сайынғы еңбек демалысы 4 адамға берілді.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.
Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
2022 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша тікелей бөлім басшысының атына eotinish.gov.kz арқылы өтініш түскен жоқ.
2022 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша бөлім басшысының негізгі қызмет бойынша 19 бұйрығы, жеке құрам бойынша 33 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: бөлімнің бюджетіне байланысты шыққан-8, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-21, жыл сайынғы кезекті еңбек демалысына шығу туралы -2, жұмысқа алу туралы-2, жұмыстан шығу туралы -2, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-17.
Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында бөлімде 871233 2-06-38 сенім телефоны жұмыс жасайды.
2022 жылдың ІІ жартыжылдығының қорытындысы бойынша прокуратура мен сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.
Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталған жоқ.