Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №16 «Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандатық аумақтық сайлау округтерінде 13 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- №1, №2, №7, №8 бір мандатық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп айқындалсын.
- Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Құрманғазы аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құрманғазы аудандық аумақтық
сайлаукомиссиясының төрағасы Б.Бралиев
Құрманғазы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.Рахметуллина