Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

№16 28.12.2022ж.

 

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша Қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда 13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Осы қаулы Құрманғазы аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы             Б.Бралиев

 

Құрманғазы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы           Г.Рахметуллина

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық

сайлау комиссиясының 

2022 жылғы 28 желтоқсандағы

№16 қаулысына қосымша

 

 

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

 

 

№ 1 сайлау округі

Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй.  «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №2 ғимараты.

Шекаралары: Мақаш ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№165,167.

 

№ 2 сайлау округі

Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй.  «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №2 ғимараты.

Шекаралары: Еңбекші ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскесі кіреді: №168.

 

№ 3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Құрманғазы ауылы,  Халит Испуллаев көшесі 14, «Атырау облысы білім беру басқармасы Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Құрманғазы аудандық оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Құрманғазы ауылының Мұхамбетжан Тоқатов көшесі, Халит Испулаев көшесі, Смағұл Көшекбаев көшесі, Тұрар Құрманғалиев көшесі, Әліби Жангелдин көшесі, Мағзом Ғилаев көшесі, Шәку Сәтеков көшесі, Абай көшесі, Зоя Жәнібекова көшесі, Бақтыгерей Ахметқалиев көшесі, Республика көшесі, Ғайнеден Әлжанов көшесі, Александр Афанасьев көшесі, Амангелді Иманов көшесі, Дәрібай Айтжанов көшесі, Жеңіс көшесі, Мұхат Мусаев көшесі, Жаңару көшесі, Шафхат Бекмұхамедов көшесі, Ақансері көшесі, Құрыш Елемесов көшесі, Шаттық көшесі.

Сайлау учаскелері кіреді: №№170,172.

 

№ 4 сайлауокругі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, Абай көшесі 2, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

Шекаралары: Құрманғазы ауылының Асқар Нұрғалиев көшесі, Үмбет Сужиков көшесі, Өтемұрат Айтасов көшесі, Бауыржан Бегалиев көшесі, Нұғыман Манаев көшесі, Жұмекен Нәжімеденов көшесі, Ишан Тұрақбаев көшесі, Жалел Нығметов көшесі, Болашақ көшесі, Сәулет көшесі, Мұрагер көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі, Ерсайын Елубаев көшесі, Құрылысшы көшесі, Отар Юсупов көшесі, Дініш Жолмұханов көшесі, Егемен Қазақстан көшесі, Мақсот Жолжанов көшесі, Махмұт Шолтыров көшесі, Өркениет көшесі, Жасұлан көшесі.

Сайлау учаскелері кіреді: №№171,175.

 

№ 5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, Г.Алипов көшесі 55 үй, «Атырау облысы білім беру  басқармасы Құрманғазы ауданы білім бөлімінің  «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ғимараты.

Шекаралары: Құрманғазы ауылының Майра Қабдолқызы көшесі, Қыдыр ата көшесі, Гизат Әліпов көшесі, Кәрім Шайхимов көшесі, Желтоқсан көшесі, Отан көшесі, Атырау көшесі, Азаттық көшесі, Тәуелсіздік көшесі, Достық көшесі, Хасан Кәрімұлы көшесі, Ізжан және Камал Жанабаевтар көшесі,  Жерұйық көшесі, Керуен көшесі, Нұрлы көшесі, Наркескен көшесі, Темірқазық көшесі.

Сайлау учаскелері кіреді: №№173,174

 

№ 6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Орлы ауылы, Н.Манаев көшесі 11 үй, «Атырау облысы білім беру басқармасы Құрманғазы ауданы білім бөлімінің  «Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары:Орлы ауылдық округінің шекарасында Нұржауауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№176,178,179

 

 

№ 7 сайлау округі

Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй.  «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №2 ғимараты.

Шекаралары:Жаңаталап ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскесі  кіреді: №180

 

№ 8 сайлау округі

Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2 үй.  «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің №2 ғимараты.

Шекаралары: Ақкөл ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№181,182

 

 

№ 9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1 үй, Құрманғазы атындағы өндірістік кооперативінің ғимараты.

Шекаралары: Қиғаш ауылдық округінің шекарасында, Дыңғызыл ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№183,184,185

 

№ 10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Шортанбай ауылы, А.Сарсенбаев көшесі 43 үй, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шортанбай ауылдық мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорынының ғимараты.

Шекаралары: Шортанбай ауылдық округінің шекарасында, Көптоғай ауылдық округінің шекарасында, Байда ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№186,187,188,189

 

№ 11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:Кудряшов ауылы, Бейбітшілік көшесі 2А үй, «Атырау облысы білім беру басқарамасы  Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Кудряшов ауылдық округінің шекарасында, Сафон ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№190,191,192

 

№ 12 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Бірлік ауылы, Қ.Оқаев көшесі  22Б үй, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Бірлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің № 2 ғимараты.

Шекаралары: Теңіз ауылдық округінің шекарасында,Бірлік ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді: №№177,193,194

 

№ 13 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сүйіндік ауылы, Абай көшесі 18 үй, «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сүйіндік ауылдық мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның  ғимараты.

Шекаралары: Азғыр ауылдық округінің шекарасында, Сүйіндік ауылдық округінің шекарасында,  Асан ауылдық округінің шекарасында.

Сайлау учаскелері кіреді:№№195,196,197,198,199,200,201,202

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022