Хабар
2022 жылғы 28 тамызда Құрманғазы ауданының Еңбекші сайлау округі бойынша округ әкімінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі
Еңбекшісайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2348 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1418. Жарамсыз бюллетеньдер саны 12, «Бәріне қарсымын» белгісін белгілгендер саны -4 .
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
А.К.Гумаровқа - 171; А.Н.Нурлановқа-212; Ж.И.Хамзинге-1019.
Еңбекші ауылдық округінің әкімі болыпХамзин Жаскайрат Идаятович , 1990 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бөлім басшысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны , «AMANAT» партиясымен ұсынған сайланды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы