"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

"Атырау облысы  Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты"  мемлекеттік мекемесі  Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерінің  ішкі талдау бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг жүргізу кезіндегі  талдамалық анықтама

 

1.Кіріспе

 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторингінің мәні:

"Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерінің  ішкі талдау бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг жүргізу  туралы

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Жеке, заңды тұлға/ электронды поштаның мекенжайы/телефон нөмірі

"Теңіз ауылдық округі әкімінің  аппараты" мемлекеттік мекемесі, Приморье ауылы, Исатай көшесі -29 үй, 87123337507,87123337508.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг кезеңі

Басталды   қаңтар  2022  жыл,   аяқталды   шілде  2022жыл

4.Бақыланатын кезең: 2022 жыл  қаңтар-шілде айларының қызметі.

ІІ.Ақпараттық- талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар,ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің  қызметінде сыбайлас  жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері

        Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

        Теңіз ауылдық округі бойынша 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына сәйкес жұмыстар жүргізілді.  Бұл заң округ әкімі аппараты қызметкерлерімен талқыланып, Заң талаптары түсіндірілді.  Әкім аппараты ғимаратының көрнекі жерінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі», Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, «Сенім жәшігі» орнатылған.

      Теңіз  ауылдық округінде 6 мемлекеттік қызметкер лауазымды міндеттеріне сай жұмыс жасайды. Бұл қызметкерлер кәсіпкерлікпен, заңға қайшы келетін табыс көздерімен жұмыс жасамайды. Жыл сайын салық басқармасына табыс және мүлік салығы туралы декларациясын тапсырып отырады.

      Жыл ішінде округ бойынша заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің және шаруашылық құрылымдарының қызметтерінде заң шеңберінен тыс араласу, сыбайлас жемқорлық фактілері болған жоқ.

Округ тұрғындарынан түскен арыздар уақытында тіркеліп, дер кезінде қаралып, шешім қабылданып, алынған шешімдер туралы арыз берушіге жазбаша түрде хабарланады. Округтің бюджет қаржысының өз мақсатында жұмсалуы, қаржыны пайдаланудың талаптары сақталуда.

       Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8 бабтарына  және  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты  ұсынады:

     «Атырау облысы Құрманғазы ауданы  Теңіз ауылдық округі әкімінің  аппараты»мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 14 қаңтар№ 15 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес жұмыс атқарады. Округте штаттық  саны 6 бірлікті құрайды.  Ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  7-8 бабтарына  және  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты  ұсынады:

Теңіз ауылдық округі өз қызметін атқаруда

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі  басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»заңы;

- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы   № 350-VІ «Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  рәсімдік- процестік Кодексі»

және т.б нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Нормативтік құқықтық актілер  бойынша  51 шешім,    76 өкім қабылданды. Сыбайлас  жемқорлық  фактілерін  болдырмау мақсатында округте 3-75-07  сенім  телефоны  жұмыс жасайды.     

«Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға  мүмкіндік туғызатын ықпал ететін  тәуекелдер анықталған жоқ.

 

                                     

  

 

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама
Дата публикации
25 августа 2022