Ақпараттық хабарлама
2022 жылғы 8 тамызға Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат болып:
1) Хамзин Жаскайрат Идаятовичтың («AMANAT» партиясы ұсынуымен);
2) Гумаров Арон Кисметович ( өзін – өзі ұсыну тәртібімен);
3) Нурланов Азамат Нурланұлы (өзін–өзі ұсыну тәртібімен) құжаттарын ұсынды;
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 30 шілде мен 12 тамыз аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.