Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың І жартыжылдығына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Сафон ауылдық округ әкім аппараты мемлекеттік мекемесі, Safon_akimat@mail.ru Сафон ауылы, Азаттық көшесі №35, 87123333480,87123333421
«Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты»- ММ-сі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5- тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №10 «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес мекеменің штатық саны – бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік. Күні бүгін жұмыс жасап отырған 4 бірлік, 1-бірлік- жүктілігіне байланысты еңбек демалысында. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Әкімшілік рәсімдік –процестік кодексі»
- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі года №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 – IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»
Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» негізінде төмендегідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
1.Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
2022 жылдың І жартыжылдығында шыққан өкім саны- 46, шешім саны - 18. Барлық мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылған, көрсетілген мемлекеттік қызметтерден уақытынан кешіктіріліп орындалғаны жоқ.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2022 жылдың І жартыжылдығы жағдайы бойынша - 11 өтініш келіп түсіп, 11 тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды. Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 3-34-80 сенім телефоны орнатылған.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Өз елінің патриоты сыбайласқа қарсы тұрады», «Пара беру бостандықтан айырады және бұлыңғыр болашақ», «Сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз-қоңырау шалыңыз», «Біз тек бірге сыбайласқа тосқауыл салаламыз», «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне +77756697633 телефон нөмеріні бойынша немесе QR код арқылы жүгіне аласыз» атты жадынамалар күні бүгін көрнекі жерде ілініп тұр. «Атырау адалдық алаңы» , «Antikor» адалдық орталығы туралы қажетті деректер округ ғимаратының көрнекі жерінде ілінген. Округ бойынша жемқорлық көріністері мен әрекеттерін алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық көріністері фактілерімен тап келген кездегі азаматтардың іс-әрекеттері туралы тәртібі , сондай-ақ осындай әрекеттерге жол бергені үшін жауапкершілігі туралы ақпаратпен қамтылған жаднамалар округ көлеміндегі тұрғындарға, шаруа қожалықтарына, жеке кәсіпкерлерге таратылды.Тұрмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау және ағарту жөніндегі жүйелі жұмыстарды өркендету мақсатында Сафон ауылдық округ ғимаратында «1пара-2 қылмыскер» атты баннер ілінді.
Сафон ауылдық мәдениет үйінде 2022 жылы 24 қаңтар күні Сафон ауылдық округ әкімі аппараты, «Боташым» балабақшасы, мәдениет үйі және кітапхана ұжымы қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты қоғамның әр түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін нақыштау.
2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында еліміз бойынша сыбайлас жемқорлық арқылы «парамен белгілі бір мәселені шешу және қандай да бір артықшылықтарға иелік ету оңайырақ» деген қоғамдық санасын түбегейлі өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыруға және оның мүмкіндіктерін туғызатын факторларын барынша азайтуға, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге, уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобаларды қамту жұмыстары жүргізілді.
Соның ішінде, негізсіз баю мен кірістерді заңдастыру шараларына айрықша тоқталып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндірді. Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік сатып алу бойынша қойылған сауалдарға жауап берілді.
Жұмыскерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытудың үздіксіз процесін белгілеу керек делінген.Осыған орай Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022- 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша округ әкімі аппаратында, Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі, Боташым бөбекжай балабақшасы, ауылдық мәдениет үйі, "Каспий таңы" өндірістік кооператив, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлерімен түсінік жұмыстары жүргізілді.
2022 жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Аудан бойынша 2022 жылғы арналған Медиа-жоспарға сәйкес округ бойынша аудандық «Serper» қоғамдық-саяси газетінің 2022 жылы 02 маусымында № 23 нөмеріне «Әдеп кеңесі – әділет таразысы» атты мақала жарияланды.
Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын факторлары айқындалмады.
Мекеме жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.