Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты

Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 2 , тел: 8 (71233) 21555, 21562.
V.Galieva@atyrau.gov.kz
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде және бөлім басшысының 2021 жылғы 10 тамыздағы №103 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы құрылған тобы 2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, келесі ақпаратты ұсынады:
Аудандық бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №209 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен мекеменің ережесі бекітіліп, мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан қайта тіркелді 2022 жылдың 6 маусым күні.
Аудан әкімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің 1 бірлік штат саны лимиті қысқаруына байланысты бөлімнің штаттық саны - 6 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 1-бөлім басшысы, 4- бас маман, 1- бас маман есепші. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;
- «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;
- 2021 жылғы 1 шілдедегі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс;
- 100 нақты қадам - Ұлтық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 «Автомобиль көлігі туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №245 «Автомобиль жолдары туралы» заңы;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №951-ІV Бюджет Кодексі;
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлім арқылы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1) «Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» - өтініш түскен жоқ;
2) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау - 24 өтініш түсті; 3) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу» - түскен жоқ; 4) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» - өтініш түскен жоқ - өтініш түскен жоқ; 5) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есепке алу және кезекке қою, сондай- ақ жергілікті атқарушы органдарың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» -226 өтініш түсті; 6) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» - 3 өтініш түсті.
2022 жылы бөлім бойынша мемлекеттік қызметттер көрсетілді, көрсетілген мемлекеттік қызметтер уақытылы орындалды, мерзімдерін кешіктеріп қаралған өтініштер болған жоқ.
Бөлімге 2022 жылы жеке тұлғалардан 4 өтініш түсті. Өтініштер толығымен зерделеніп, өтініш иелеріне нақты жауап берілді. Бөлім аудан әкімдігінің ғимаратында орналасқан, осының негізінде азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктері ғимарат сыртында көрнекі орынға орналастырылған.
2022 жылдың І жартыжылдығының орытындысы бойынша бөлім басшысының 84 бұйрығы қабылданған, соның ішінде: еңбек демалысын беру-2, мем сатып алу -22, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-33, жұмысқа алу туралы-3, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға байланысты шыққан-24.
Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін мерзімде тапсырған.
Бөлім бойынша 8 /71233/ 2-15-55 сенім телефоны жұмыс жасайды. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан және болашағыңнан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», «Өз-өзіне қызмет қөрсету бұрыш» атты жадынамалар ілінді.
Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпараты
Дата публикации
11 августа 2022