Қаулы "Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы"

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

КУРМАНГАЗИНСКАЯ РАЙОННАЯ ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ

ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТЬ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

060400 Құрманғазыауылы№ 08«29» шілде 2022жыл 

 

 

  ҚАУЛЫ                                                                            ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

 Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық

округіәкімін сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

  

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына,                   21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округінің шекарасында Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Еңбекші сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Serper» газетінде жариялансын.

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау

комиссиясы төрағасының орынбасары :                             А.Изжанов

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы :                                                    Г.Рахметуллина                        

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

КУРМАНГАЗИНСКАЯ РАЙОННАЯ ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ

ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТЬ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

060400 Құрманғазы ауылы № 09«29» шілде 2022жыл 

 

 

  ҚАУЛЫ                                                                      ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

 

Құрманғазы ауданы Еңбекші

 ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 – бабының 3 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 28 тамызға Құрманғазы ауданының Еңбекші  ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Еңбекші ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Serper» газетінде жариялансын.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы төрағасының

орынбасары:                                                                       А.Изжанов

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы :                                                   Г.Рахметуллина                         

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаулы "Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы"
Дата публикации
29 июля 2022