2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  

2022 жылғы 29 шілдедегі

№ 09 қаулысына қосымша

 

2022 жылғы 28 тамызға  тағайындалған Құрманғазы ауданы

 Еңбекші  ауылдық округ әкімінің  сайлауын әзірлеу

 мен өткізу  жөніндегі  негізгі іс-шаралардың            

  күнтізбелік жоспары

 

1. Құрманғазы ауданы ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                  2022 жылғы 1 шілдеденәкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

(113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округінің тізімін, оның  шекаралары мен Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                       Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2022 жылғы                    8 тамыздан кешіктірмей

(22-б.)

3. Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                    Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен  2022 жылғы                8 тамыздан  кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы               Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2022 жылғы 13 тамыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Құрманғазы ауданының әкімдігі

сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2022 жылғы            13 тамызға дейінгі мерзімде

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен  2022 жылғы30 шілдеден басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда 12 тамызға  2022 жылы  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.(113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін - өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып                         Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірісоргандары

Кандидат тіркелгенкүнненбастап бес күнішінде

 (113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы            Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын 2022 жылғы 17 тамыздажергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Құрманғазы ауданы әкімдігі және Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                                                           Үгіт басталғанға 2022 жылғы  17 тамызға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен 2022 жылғы 17 тамызда басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2022 жылғы 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша       нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Құрманғазы ауданы әкімдігі және Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                                              Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Құрманғазы ауданының әкімі

2022 жылғы 8 тамыздадауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

 (24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылғы 12 тамызда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2022 жылғы 18 тамызданкешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлаубюллетеньдерінучаскеліксайлаукомиссияларынажеткізу

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылғы 25 тамыздан ерте емес  27 тамыздан   кеш емес

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2022 жылғы 28 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскеліксайлау комиссиясы

2022жылғы28 тамызкүніжергіліктіуақытбойыншасағат07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскеліксайлау комиссиясы

2022 жылғы28 тамыздажергіліктіуақытбойыншасағат20:00-дебасталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскеліксайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2022 жылғы                                31 тамыздан  кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы                   2022 жылғы 1 қыркүйеккесайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

(44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Құрманғазы аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2022 жылғы 4 қыркүйекке дейін жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен 2022 жылғы 4 қыркүйекке дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

 

 

2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
29 июля 2022