Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Атырау облысы Құрманғазы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізді:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мекен-жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылы Х.Испулаев көшесі 10;
Электронды пошта: kurstroy_otdel@mail.ru;
Телефон нөмірі.8/71233/20045, 21097, 21434.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің персоналдық құрамы:
Азатов Э.Л. – бөлім басшысының орынбасары
Нұғыманов Р.Е. – бөлімнің бас маманы
Махмутов Е.Ж. – бөлімнің бас маманы
Өтепов А.М. – бөлімнің бас маман-есепшісі
Нұрланұлы Б- бөлімнің бас маманы
Мұхитов М.А.-бөлімнің бас маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 01.07.2021 ж.-23.12.2021 ж. қызметі қамтылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық бөлім басшысының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 маусымдағы №79 бұйрығымен бөлімнің бас маманы М.Мұхитовқа жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімділігі:
басталды 23-24 желтоқсан 2021 жыл.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықтау мақсатында бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерге талдау жүргізілді.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексі,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы,
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350 Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі,
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы,
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Кодексі;
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 «Құқықтық актілер туралы» Заңы негізінде жүзеге асырады.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 21 қарашадағы №364 «Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін «Құрманғазы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысы негізінде бөлім қайта құрылды.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 21 қарашадағы №361 қаулысы негізінде бөлімде штат саны – 7 бірлік, атап айтқанда: бөлім басшысы – 1 бірлік, бөлім басшысының орынбасары – 1 бірлік, бас маман – 4 бірлік, бас маман-есепші – 1 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 3 маман жіберілді. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері арасында кадр қозғалысы (қызметтен босату, ауысу, қабылдау) бойынша аудан әкімінің 2021 жылғы 11 қазандағы №383 өкіміне сәйкес бөлім басшысы Хасанов Марат Измуханович тағайындалды.
Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлімде Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 6 мамырдағы №166 «Мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселеллері туралы» қаулысы негізінде сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылып келеді. 2021 жылдың 24 желтоқсан жағдайы бойынша бөлім арқылы жалпы саны – 18 мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылды. Оның ішінде, жұмыстар сатып алу-3, жобалық сметалық құжат жасақтау-14, қызмет көрсетуді сатып алу-0, тауар сатып алу-1.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» (АПЗ, Сәулет жоспарлау тапсырмасы. Алдын ала тапсырма) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына, Атырау облысы әкімдігің 2015 жылғы 10 шілдедегі №207 «Сәулет және қала құрлысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №138 қаулысына, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығына сәйкес бөлімде келісідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»
- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» (СЖТ, Сәулет жоспарлау тапсырмасы)
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».
- «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру»
2021 жылы (өсу есебімен – 24 желтоқсан жағдайы бойынша) барлығы 1715 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы-1008.
- жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы-болған жоқ.
- көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-болған жоқ.
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы-болған жоқ.
- www.egov.kz, е-атырау - 204, E-license «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы- 140.
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы -0.
- www.egov.kz е-атырау - 180, E-license «электрондық үкімет» веб-порталдары арқылы – 169.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.
Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-14-34 сенім телефоны орнатылған. Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартары бөлімнің көрнекі жеріне ілініп қойылған.
Бақылау функцияларын іске асыру бойынша бөлім мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу; инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу; коммуналдық шаруашылық дамыту; сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығы обьектілерін дамыту; мәдениет объектілерін дамыту; денсаулық сақтау объектілерін дамыту; спорт объектілерін дамыту бағдарламаларымен салынып жатқан құрылыс нысандарын бақылайды.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиелінісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақталмауы орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында бөлімде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефоны (8/71233/21434) бөлімнің көрнекі жерінде ілініп тұр.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларацияларын 2021 жылдың 17 маусымына дейін тапсырылды.
Бөлім бойынша прокурорлық қадағалау және сот актілері жоқ.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалардың бөлімде көрнекті жерге ілініп қойылды.
Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын жағдайлар анықталған жоқ.
Бөлім басшысы М.Хасанов
Бөлімнің бас маманы М.Мұхитов